"МУЗЕЙ ТҮНІ" ШАРАСЫ БОЛЫП ӨТТІ

Аудандық тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлерінің ұйымдастыруымен өткізілген іс-шарада жаңа тарихи жәдігерлер мен экспонаттар қойылды. «Музей түні» іс-шарасының негізгі ұраны көрермендер үшін ашықтық әрі қол жетімділік болып табылады. Соған сәйкес, «Музей түні» мерекелік көркемдік-мәдени акциясының басты мақсаты сан алуан өнер түрлерін дәріптеу және аудан тұрғындарының музей бағдарламаларына деген қызығушылығын аудару.

