БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫНЫҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ
Жосалы кентінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің және аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мен бос жұмыс орындары» жәрмеңкесі өткізілді. Жәрмеңкеге 200-ден астам кент тұрғындары қатысып, көрсетілетін қызметтер бойынша кеңестер алды. Сондай-ақ, аудан көлеміндегі мемлекеттік мекемелер, кәсіпорындар мен жеке секторлардан бос жұмыс орындары ұсынылды.