СУ АЙДЫНДАРЫНДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК НАЗАРДА
Өңірлік коммуникациялар қызметінде жазғы кезеңдегі судағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оны болдырмау турасында баспасөз мәслихаты өтті. Оған «ОӨАЖҚЖ» ММ басшысы Б. Ембергенов, Қызылорда облысы ТЖД Төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімінің бастығы Ж.Досымов, Төтенше жағдайларды жою бөлімінің бастығы Ә.Марданов қатысты.
- Жаздың ыстық күндері басталысымен облыс су айдындарында салқындап, демалатындардың саны арта түседі. Көбінесе адамдар суға түсу кезінде қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтамайды, бұның соңы қайғылы жағдайларға әкеліп соғады. Өткен жылы облыс аумағынан 26 адам суға кетті, оның жетеуі балалар, - дейді Ж.Досымов.
Суда адам өлімінің одан әрі артуына жол бермеу және оны болдырмау үшін департамент тарапынан бірқатар іс-шаралар жүзеге асырылуда.
Департамент пен жедел құтқару жасағының қызметкерлері жазғы суға түсу маусымында қайғылы оқиғалардың орны алмауы үшін тынымсыз тер төгеді. Тұрақты түрде жүргізіліп келе жатқан үгіт-насихаттық іс-шараларына қарамастан, суда қаза болғандардың саны үдей түсуде. Департамент тарапынан рейдтер, профилактикалық бейнероликтердің жергілікті телеарнадан беріліп жатыр. Сондай-ақ, дауысзорайтқыш құрылғысы арқылы тұрғындарға насихат жұмысы жүргізіліп, үгіт-насихат парақтарын таратылуда, - дейді Б. Ембергенов.
Аймақта 290-нан астам су объектілері бар екенін атап өту керек. Ондағы 64 орын жүзу үшін қауіпті деп танылған.