МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕГІ БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫНЫҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ
Арал ауданында мемлекеттік қызметтің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті мен аудан әкімі аппаратының ұйымдастырумен «Мемлекеттік қызметтер және бос орындар» жәрмеңкесі ұйымдастырылды.
З.Шүкіров атындағы қалалық мәдениет үйінің ғимаратында ұйымдастырылған бұл шара ауданда алғаш рет өткізілуде. Аталған шараның мақсаты – шалғайдағы елді-мекен тұрғындарына мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді бір жерден алу және аудандағы мемлекеттік, жеке мекемелердегі бос орындарға қолжетімділігін қамтамасыз ету болып табылады.
Осы орайда, бүгінгі жәрмеңке барысында әлеуметтік маңызы бар білім, жер қатынастары, құрылыс, жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу, көші-қон, әділет салалары және Халыққа қызмет көрсету орталығымен көрсетілетін қызмет түрлері көрсетілді. Сонымен қатар, жалпы 8 мекемеден 24 бос орын ұсынылып, 7 аудан тұрғыны жолдама алды.