ТУҒАН ЖЕРГЕ ТАҒЗЫМ – ПЕРЗЕНТТІК ПАРЫЗ
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын жұртшылық арасында насихаттау, одан туындайтын нақты міндеттер мен жобалар бойынша Қармақшы ауданында мақсатты жұмыстар атқарылып келеді. Бұл бағыттағы жұмыстар 6 бағыт және 4 кіші бағдарламасы арқылы жүзеге асырылуда.
Бағдарламалық мақаладан туындайтын «Атамекен» кіші бағдарламасының «Туған жерге тағзым» акциясы аясында Қармақшы ауданынан түлеп ұшқан меценаттар мен демеуші азаматтар туған жеріне тағзым етті. Қармақшыда туып-өскен бір кездегі балдырғандар бұл күндері әр саланың тізгінін ұстап отырған атпал азаматтар. Қасиетті қара топырағына аунап, самал желімен жарыса ержеткен түлектерінің ауылдың өсіп-өнуі жолында жасап жатқан игі істері ауыл мерейін өсіріп тастады.
Атап айтқанда Қармақшы ауданындағы әлеуметтік көмекке мұқтаж азаматтар үшін «Қайнар АКБ» ЖШС-нің төрағасы Қуаныш Әжмағанбетов 1 миллион теңге көлемінде қаржылық көмек көрсетуге, «Бабас» ЖШС-нің төрағасы Нұрмұрат Ерманов 50 оқушы балаларға киім-кешек алып беруге, Ауез Таимбетов Т.Ізтілеуов атындағы №29 мектепке техникалық құрал-жабдықтар алып беруге ниетті. Сонымен қатар «Нұр Талап и К» ЖШС-нің төрағасы Қанатбек Керейтбаев Дүр Оңғар ауылынан балалар спорт ойын алаңын салу үшін, Зарқұм Бекжанов Жосалы кентінен 20-30 балаға арналған балабақша құрылысын салу үшін аудан әкімімен меморандумға отырды.