АУҚЫМДЫ ШАРАЛАР АТҚАРЫЛУДА

Жалағаш аудандық ішкі саясат бөлімінің мәліметіне сәйкес, іс-шаралар жоспарында Елбасы мақаласында айтылған «Туған жер», «Қазақстанның киелі жерлері», «Қазақстанның жаңа 100 тұлғасы», «Қазіргі заманғы қазақстандық мәдениет жаһандық әлемде», «Мемлекеттік тілдің латын қарпіне көшуі», «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобалары бойынша сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеліп отыр.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асырудағы негізгі тұжырымдамалық тәсілдерге сәйкес, Тәрбие және білім» кіші бағдарламасына орай «Өлкетану», «Отаным – тағдырым», «Кітап – білім бұлағы», «Саналы Азамат», бағытында жас ұрпақты отансүйгіштікке, патриоттыққа тәрбиелеу бағытындағы шаралар қамтылған.