ҚОРДА 230 МЫҢ ТОННА ЖАНАР-МАЙ БАР - Ұ.ҚАРАБАЛИН
Оның айтуынша, Үкімет ішкі нарықты тұрақтандыру бойынша тиісті шараларды қолға алуда. Атап айтсақ, бір айлық тұтыну деңгейінде бензин қорын құруға қатысты шаралар жасалды. Бүгінгі таңда еліміздегі мұндай қорда 230 мың жанар-май бензин бар көрінеді.
«Үкімет Ресей Федерациясынан тасымалданатын жанар-жағармай түрлерін реттеу жөніндегі баға саясатын жүйелі түрде үйлестіру туралы шешім қабылдады. Яғни, біздегі баға Ресей Федерациясындағы бағаның өзгеруіне байланысты құбылып отырады. Ресей Федерациясы Қазақстан тұтынатын бензиннің 1/3 бөлігін тасымалдайды. Қазір 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап Ресей нарығындағы бағаның өзгеруін ескере отырып, мұнай өнімдеріне шекті баға қою туралы ереже әзірленіп жатыр және ай сайынғы бағаны ҚР Ұлттық экономика министрлігімен келісе отырып, Энергетика министрі бекітетін болады»,-деп түсіндірді Қарабалин.