СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ КӨРІНІСТЕРІНІҢ АЛДЫН АЛУ ЖӘНЕ ӘДЕП КОДЕКСІН САҚТАУ
Қызылорда облысының әділет департаментінің мемлекеттік қызмет туралы заңдарының, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және әдеп кодексі талаптарының сақтауы бойынша тұрақты семинарлар, жиналыстар, «дөңгелек үстел» және әңгімелесулер өткізілуде.
Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылықтарға жол бермеу және алдын алу мәселелері әр апта сайын өтетін аппараттық мәжілісте қаралып отыр және департаменттің алқа мәжілісінде ұдайы талқыланады.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын сақтау және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, болдырмау және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің талаптарын түсіндіру мақсатында Әділет департаментінің филиал басшылары-аға сот орындаушылардың қатысуымен 2018 жылдың қаңтар айында семинар өткізілді.
Бұған қоса, мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерін сақтау, сыйлықтарды арнайы қорларға өткізу тәртібі әділет департаментінің, Қызылорда аумақтық бөлімдерінің басшылары-аға сот орындаушылары, Қызылорда қаласының әділет басқармаларының қызметкерлері арасында түсіндіріліп, аталған мәселе бойынша әзірленген жаднама талаптарын қатаң сақтау керектігі назарларына жеткізілді.
Облыстық әділет департаментінің ұйымдастыруымен өткен сәуір айында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес-баршаға ортақ міндет» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті. Іс-шараны өткізудің мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны негізге ала отырып, мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық іс-әрекеттерге мүлдем төзбеушілік көзқарасын арттыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана-сезімді, мәдениетті қалыптастыру болып табылды.
Онда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының Қызылорда облысы бойынша департаментінің, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті және «Нұр Отан» партиясы филиалының басшылары, кәсіпкерлер палатасының, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жүйесін қалыптастыру мәселелерін талқылады.
Мемлекеттік қызметшілер сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұруға, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға жол бермеуге, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған мінез-құлық қағидаттарын ұстануға тиіс екендігі аталып өтілді.
Департаменттің барлық қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және әдеп кодексі нормаларын сақтау бойынша брошюралар таратылып, берілді.
«Дөңгелек үстел» барысында айтылған ұсынысқа сәйкес Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің бастамасы бойынша «Құқық бұзушылыққа қарсы «мүлдем» төзбеушілікті бізбен бірге қалыптастыр!» қағидасын қолдай отырып, мемлекеттік қызмет және мемлекеттік қызмет көрсету заңнама талаптарының бұзылу фактілері бойынша, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар фактілері бойынша сенім телефондарына хабарласа алатындығы жөнінде департаменттен шығатын 50-ден астам құжатқа хабарлама орналастырылып бекітілді. Бұл жөнінде бейнеролик түсіріліп, жергілікті телеарналарда жарықтандырылды.
М.ШАХАНОВ,
Әділет департаментінің
персоналмен жұмыс және ішкі қауіпсіздік бөлімінің бас маманы