МЕМЛЕКЕТТІК ХАТШЫ: «АДАМ ҚҰҚЫҒЫ ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ТАРИХЫНДА ҚАШАН ДА МАҢЫЗДЫ БАСЫМДЫҚ БОЛЫП КЕЛДІ»
Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова Халықаралық адам құқығы күніне арналған дөңгелек үстел барысында қазақ халқының тарихында адам құқығы қашан да маңызды басымдық болып келді деп атап өтті.
«Бәрімізге белгілі, қазақ халқының тарихында оның құқықтық институттарының жұмысын айқындайтын адам құқығы қашан да маңызды басымдық болып келді. Кәдімгі қазақи құқық, әдет мыңдаған жылдар бойы қанымызға сіңіп кеткен, қазақ елінің халықтығы мен кең-байтақ даламызды ұрпақтары үшін сақтап келген дала демократиясының бірегей құқықтық феномені еді», - деді ол.
Гүлшара Әбдіқалықованың айтуынша, құқықтың негізгі маңызы адамдарды жазалау мен ірітіп-бөлшектеудің емес, біздің мемлекетіміздің орасан зор аумағындағы халықтың басын біріктіріп, толеранттық пен келісімнің құралы бола білуінде жатыр.