ЕЛІМІЗДІҢ СОЛТҮСТІК-БАТЫСЫ МЕН ШЫҒЫСЫНДА БОРАН СОҒАДЫ
Қазақстанның басым аумағында күн ашық болады, тек республиканың солтүстік-батысы мен шығысында кей жерлерде қар жауады, боран соғып, жел күшейеді деп күтілуде. Бұл туралы BNews.kz хабарлайды.
Солтүстік Қазақстан, күндіз Ақмола, Қостанай облыстарында кей жерлерде боран соғып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ке жетеді. Жамбыл, түнде Маңғыстау, күндіз Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарында 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады деп болжануда. Алматы облысында түнде кей жерлерде тұман түсіп, Алакөл көлдері ауданында желдің күші 15-20 м/с-ті құрайды. Батыс Қазақстан облысында, түнде және таңертең Қарағанды облысында кей жерлерде тұман түседі.