МЕЙІРБИКЕЛЕР – МЕЙІРІМДІ ЖАНДАР
Денсаулық – адамның басты байлығы. Осы тұста ауырған жанның дертіне шипа болар ақ желеңді абзал жандардың еңбегі зор екенін айтқанымыз жөн.
Жыл сайын 12 мамыр күні елімізде Халықаралық мейірбикелер мерекесі кең көлемде аталып өтіп, түрлі шаралар ұйымдастырылып, мейірбикелерге құрмет көрсетіліп жатады.
Жылдағы дәстүр бойынша Қызылорда қалалық ауруханасында «Мейірбикелер – мейірімді жандар» тақырыбында мерекелік шара болып өтті.
Шараны қалалық аурухананың бас дәрігері Бауыржан Төлегенұлы ашып, іргелі ұжымдағы сала мамандарын кәсіби мерекемен құттықтады. Мұнан соң бас дәрігердің медициналық көмектің сапасын бақылау жөніндегі орынбасары Гүлнар Ибрайқызы сөз алып, мейірбикелердің еңбегіне табыс тіледі. Сонымен қатар аурухана басшылығы өз жұмысын асқан жауапкершілікпен атқарған бірқатар мейірбикелер мен қызметкерлерге аурухананың «Құрмет» грамотасын табыстады.
Абзал жандардың құрметіне арналған салтанатты шара концерттік бағдарламаға ұласты.
Қызылорда қалалық ауруханасының баспасөз қызметі