ШИЕЛІДЕ БАТЫР БАБА ЕСІМІ ҰЛЫҚТАЛДЫ
Шиелі ауданында Батыр - баба Тұрсынбай Бүркітбайұлының 220 жылдық мерейтойына және Қоғалы ауылдық округі, Ботабай ауылына Тұрсынбай датқа есімін беру құрметіне арналған шара өткізілді.
Өмірі өнеге, есімі мақтан, ел қадірлеген Тұрсынбай Бүркітбайұлы Сыр бойын мекендеген елдің теңдігі мен тыныштығы үшін ат үстінен түспеген белгілі жан, даулы мәселенің қисынын тауып қиып айтатын беделді би, шешен болған.
Тұрсынбай датқа құрметіне арналған шараға абыройын асқақтатып мерейін көтеру мақсатында арнайы мемлекет және қоғам қайраткерлері Алтыншаш Жағанова, Қожахмет Баймаханов, Бәкір Әбдіжәлел, Жалағаш ауданының әкімі Қайратбек Әубәкірұлы және еліміздің алыс жақын аймақтарынан қадірлі қонақтар келіп, бабаларына тағзым етті.