КЕЛЕР ЖЫЛЫ ОБЛЫСТАҒЫ МЕКТЕПТЕР ТОЛЫҚ ОҚУЛЫҚТАРМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛЕДІ
Биылғы оқу жылында облысымызда мектептер 98 пайызға оқулықтармен қамтылды. Өткен жылмен салыстырғанда көрсеткіш үш пайызға жоғары. Қазіргі уақытта келер оқу жылында 100 пайыз қамту үшін регламент бекітіліп жұмыс жасалуда. Бұл туралы «Сыр медиа» ЖШС жанындағы облыстық коммуникация орталығында өткен брифингте облыстық білім басқармасының басшысы Наурызбай Байқадамов хабарлады.
- Биылғы оқу жылының ерекшелігі жалпы білім беретін мектептердің жаңа оқу стандартына сәйкес 2 сыныпта ағылшын тілін, 6 сыныпта информатика пәнін оқыту іске асырылады. Осыған байланысты облыстағы білім ұйымдарына қажетті мамандар мен оқулық және оқу әдістемелік кешендермен толық қамтылуы жөнінде сараптама жүргізіліп, есептері алынды,-деді басқарма басшысы.
Шынар БЕКБАН