САҚ МӘДЕНИЕТІНІҢ ЕРЕКШЕ ЕСКЕРТКІШТЕРІ: ШІРІК РАБАТ ҚАЛАШЫҒЫ
Атақты тарих ғылымдарының атасы саналған Геродот өзінің «Тарих» еңбегінде сақ тайпалары туралы баяндап, оларды 3 топқа бөлген. «Тиграхауда» – шошақ бөрікті сақтар, «Хаомаварга» – сусын дайындаушылар және «Парадария» – дарияның арғы бетіндегілер.
Дегенмен сақтардың үлкен бірлестік болғандығы тарихтан белгілі. Осы сақ тайпаларының үлкен орталықтарының бірі Шірік Рабат қаласы ортағасырларда да халық қоныстанған мекендердің бірі.
Шірік Рабат қалашығы қазақ халқының байырғы ата-бабалар мекені ретінде киелі мекен ретінде саналады. Қазіргі таңда қалашықта археолог ғалымдар қазба жұмыстарын жүргізіп келеді және табылған жәдігерлерді халық назарындағы Қызылорда облыстық өлкетану мұражайына қоюда. Олардың ішінде алтын бұйымдар, сүйектен жасалған бұйымдар, қару-жарақ түрлері мен садақтың жебе ұштары кездесіп отырады.
Қазіргі таңда ескерткіштің құрлысы мен табылған жәдігерлерді б.з.д. V-IY ғ.ғ. жатқызамыз.
2014 жылдан бастап облыстық бюджет есебінен төрт хандықтың астанасы болған Сығанақ, оғыздардың ордасы Жанкент қалашығында, сақтардың бірегей ескерткіші Шірік-Рабат қалашығында және оғыздар қалашығы Сортөбе, Жент қалашықтарында археологиялық зерттеу жұмыстары жүргізілді. Биылғы 2018 жылы да бұл жұмыстар жалғасын табады.
/Соңы/
Елеуов ЕРКЕБҰЛАН,
Омар БЕКЗАТ
Қызылорда облыстық тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау жөніндегі КММ-нің қызметкерлері