ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚТАРДЫҢ ТОЛЕРАНТТЫЛЫҚ ДЕҢГЕЙІ ЖОҒАРЫ
Аймақтың түрлі этнос өкілдері өзінің жалғыз Отаны Қазақстан деп біледі. Бұл туралы бүгін «Сыр медиа» ЖШС жанындағы облыстық коммуникациялар орталығында өткен брифингте Қазақстан халқы облыстық ассамблеясы хатшылығының басшысы Ләйлә Төрешова мәлімдеді.
Еліміздегі этносаралық ахуалды респонденттердің 97,7 пайызы «қолайлы» және «тыныш» деп бағалады. Ал, қызылордалықтардың толернаттылық деңгейі 95,6 пайызды құрады.
«Президент Жарлығымен 2015 жыл Қазақстан халық ассамблеясы жылы болып белгіленді. Бүгінгі күні Қызылорда облысында 11 этномәдени бірлестік бар. Сонымен қатар, Қоғамдық келісім орталығы мен Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-нің жанынан Қазақстан халық Ассамблеясы кафедрасы жұмыс жасауда», - деді Л.Төрешова.
Мұнан кейін ол БАҚ өкілдерін алдағы Ассамблея жылында атқарылатын іс-шаралар жоспарымен таныстырды. Сондай-ақ келесі жылдың жағымды жаңалықтарының бірі ретінде аймағымызда Достық үйінің ашылуын атап өтті.
Фариза ОМАРОВА