ҚАЗАҚСТАНҒА РЕСЕЙДЕН АРЗАН ЖАНАР-ЖАҒАРМАЙ ТАСЫМАЛДАНЫП ЖАТЫР – Ұ.ҚАРАБАЛИН
Қазақстанға Ресей Федерациясынан арзан жанар-жағармай тасымалданып жатыр. Бұл туралы кеше Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Энергетика министрінің бірінші орынбасары Ұзақбай Қарабалин мәлім етті, деп BNews.kz.
«Бүгінгі таңда Ресей рубльнің құлдырауына және әлемде мұнай бағасының түсуіне байланысты біздің нарыққа Ресей Федерациясынан арзан жанар-жағармай тасымалданып жатыр. Өздеріңіз білетіндей, 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап Ресейде салықтық өзгерістер енгізіледі. Атап айтсақ, кезең-кезеңімен мұнайдың экспорттық салықтарын қысқарту ұсынылуда. Осыған орай, Ресей Федерациясында да баға өзгереді деп болжануда. Осылайша, Қазақстан Үкіметі 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан, Беларусь және Ресей Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы ынтымақтастықты бастайтынын ескере отырып, мұнай өнімдерінің ішкі нарығын тұрақтандыруы керек»,-деп түсіндірді Ұ.Қарабалин.