АУЫЛ ЖАСТАРЫ АРАСЫНДАҒЫ СПОРТТЫҚ САЙЫСТАР
Отан қорғаушылар және Ұлы жеңіс күніне орай Қармақшы ауданы Жаңажол, Ақжар және Тұрмағамбет ауылдарында жастар арасында спорттық шаралар өтті. Оны Қармақшы аудандық ішкі саясат бөлімі мен «Қорқыт елі - Қармақшы» жастар қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды.
Жаңажол ауылдық округінде «Салауатты ұлт – салауатты ұрпақ» тақырыбымен өткен жарысқа ауыл жастарынан құралған 5 команда қатысты. Ауыл жастары спорттық ойынға деген шеберліктері мен белсенділіктерін көрсетті. Аталған шараға Ш.Сламхан, А.Жақыпов және «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің Қармақшы аудандық бөлімшесінің маманы А.Жұмахмет төрелік етіп, жеңіспаз командаларды анықтады. Тартысты өткен жарыс нәтижесімен жүлделі I-орынды «Жастар» командасы, келесі орынды «Аралас» командасы жеңіп алса, III орынды Жаңажол ауылдық мектебінің 11-сынып оқушыларының командасы иеленді.
Айта кетейік, дәл осындай спорттық шара Ақжар ауылдық округінде өтті. Стол теннисінен өткен жарысқа ауыл жастары белсенділікпен қатысты. Жарыс қорытындысымен I-орынды Ә.Сыдық, II-орынды М.Нұрділда және Д.Мансүрұлы жеңіп алды. Ал, келесі жүлделі орын Б.Жүнісов пен Н.Тұрабайға бұйырды.
Ал Ақжар аулымен іргелес жатқан Тұрмағамбет ауылында жастар арасында әскери-спорттық сайыс өтті. Шараға қатысқан тұрмағамбеттік жастар өздерінің әскери-спорттық белсенділігін өте жоғарғы деңгейде екендігін көрсетті. Сайыс нәтижесінде Қ.Ғаниқызы I орын, А.Нағыметова мен Т.Темірбеков II орынды жеңіп алды. Ал келесі жүлделі орынға А.Нұрмаханова мен С.Базаров лайық деп танылды.
Жеңімпаздар ұйымдастырушылар атынан бағалы сыйлықтар мен дипломдарға ие болды. Сондай-ақ, жарысқа белсене қатысқан өзге командалар да ұйымдастырушылар атынан бағалы сыйлықтар мен дипломдарға ие болды. Соңында ауыл жастары мұндай сайыстар алдағы уақытта аудандық деңгейде өтсе деген ұсыныстарын білдірді.
Ж.НҰРПЕЙСОВА,
бірлестік қызметкері