БІЗДІҢ ЕЛІМІЗ ЖАРҚЫН БОЛАШАҚТЫ ӨЗ БЕТІНШЕ ҚҰРУДЫҢ ШЫНАЙЫ БОСТАНДЫҒЫНА ИЕ БОЛДЫ
ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова халықаралық Адам құқықтары күніне арналған «дөңгелек үстел» отырысына қатысты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Мемлекеттік хатшы құттықтау сөзінде жиынға қатысушыларды Адам құқықтары күнімен құттықтап, Қазақстан Республикасының Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясының рухы мен принциптерін жүйелі ұстанатынын, оның ұлттық заңнамада нақтылы көрсетілгенін атап өтті. Гүлшара Әбдіқалықова республикада егеменді даму жылдарында адам құқықтарын қорғаудың қарқынды дамушы ұлттық жүйесі құрылғанын, онда Мемлекет басшысы жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия мен Омбудсмен институтының маңызды орынға ие екенін атап өтті.
Мемлекеттік хатшы өз сөзінде «Махмұд Қашқари, Мұхаммед Хайдар Дулати, Қорқыт ата және басқалар сияқты дала өркениетінің ойшылдары Дала рухының өзіндік кодексін жасады, оның негізі адамның табиғи құқықтары, руханият, имандылық болып табылады» деп атап өтті.
Өз сөзін қорытындылай келе Гүлшара Әбдіқалықова баршаны келе жатқан ұлттық мереке – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күнімен құттықтады. Мемлекеттік хатшы «егемендік алған соң біздің халқымыз, біздің еліміз және оның әрбір азаматы жарқын болашақты өз бетінше құрудың шынайы бостандығына ие болды» деп атап өтті. Құқық қорғау тетігін жетілдіру әрбір адамның бостандығын қамтамасыз етіп қана қоймай, сонымен бірге елдің егемендігін нығайтуға да септігін тигізеді.
Халықаралық ұйымдар мен шетелдік дипломатиялық өкілдіктер басшылары Қазақстан Республикасын БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі Кеңесінің Бюросына сайлануымен құттықтап, елдің құқық қорғау қызметіне табыс тіледі.