ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ ПӘНІНЕН ОБЛЫСТЫҚ ОЛИМПИАДА ӨТТІ
«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының ұйымдастыруымен Қармақшы ауданы, Ақжар ауылындағы КСРО білім беру ісінің үздігі Сәден Нұртаев атындағы Қазақстан тарихы пәнінен 9-10 сынып оқушыларына арналған облыстық олимпиаданың ІІ кезеңі өткізілді.
Олимпиада қорытындысы бойынша қатысушылардың барлығына дерлік естелік сыйлықтар мен қаржылай сыйақылар табысталды.
Сонымен қатар исламтанушы, ұлағатты ұстаз, КСРО білім беру ісінің үздігі Сәден Нұртаев атындағы тарих кабинетінің ашылу салтанаты өтті. Ақжар ауылының Мәдениет үйінде облыстық олимпиада аясында «Жаңартылған білім мазмұны – заман талабы» тақырыбында облыстық семинар өткізілді. Семинарда «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының Ғылым докторлары, тренерлер дәріс оқып, түрлі тренингтер жүргізді. Семинар жұмысына облысымыздың шығармашылықпен жұмыс жасайтын 100-ге жуық белсенді мұғалімдері мен жаңартылған бағдарламалар бойынша сертификатталған мұғалімдері қатысты.