ЖАНЫҢДА ЖҮР ЖАҚСЫ АДАМ
Елбасымыздың «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуал: өсім, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарының бірі «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында «Тәрбие және білім» бағдарламасын іске асыру бойынша ауқымды жұмыстар жүргізіліп келеді.
Соның бірі, қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен №4 орта мектеп базасында аймақтық мектептер арасында «Жаныңда жүр жақсы адам» атты білім саласында түрлі жетістіктерге жеткен әр буын мектеп басшыларымен ашық диалог кездесуі өтті.
Шараны қалалық білім бөлімінің әдіскері Айнұр Ибраева ашып, келген қонақтардың басшылық қызметіндегі жеткен жетістіктеріне тоқталып, рухани жаңғыруға өз үлестерін қосқандықтарын атап өтті. Шараға ардагер ұстаз №10 мектеп-лицейдің директоры, қазіргі таңда құрметті зейнеткер Төкен Марат Спанұлы, білімді, іскер басшы №5 мектеп-лицейдің директоры Ізбасова Алтын Болатқызы және жас білікті де білімді басшы, 1 ғасырлық тарихы бар Қ.Мұхамеджанов атындағы №1 мектеп-гимназияның директоры Абдраймов Данабек Жақсылықұлы қатысты.
Кеш қонақтары өздерінің білім саласында жеткен жетістіктерінің арқасында құрметке бөленген абзал жандар. Жас буын қатарындағы басшы Данабек Жақсылықұлы өз мектебіндегі рухани жаңғыру аясындағы жаңалықтарына тоқталды. 100 жылдық тарихы бар мектептен білім алған мықты азаматтардың рухани құндылықтарына тоқталып, мектептің жас шәкірті әлемнің 7 дүркін чемпионы «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасына енген Ә.Далиеваны үлгі тұтатынын атап өтті. Кеш көрермендері қонақтарға сұрақ қойып, өз ойларымен бөлісті.