БАҚЫТЖАН САҒЫНТАЕВ ҚР-ДАҒЫ ЕУРОПАЛЫҚ ОДАҚ ӨКІЛДІГІНІҢ БАСШЫСЫ ТРАЯН ХРИСТЕАМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ
Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Қазақстандағы Еуропалық Одақ өкілдігінің басшысы Траян Христеамен кездесу өткізді.
Кездесу барысында Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақ арасындағы кеңейтілген әріптестік және ынтымақтастық туралы Келісімді іске асыру, сауда-экономикалық өзара іс-қимылды кеңейту және шетелдік инвестицияларды тарту мәселелері талқыланды.
Анықтама: Қазақстанның Еуропалық Одақпен сауда-экономикалық байланыстары жоғары деңгейде сақталып отыр. Еуроодақ ҚР-ның негізгі сауда және инвестициялық серіктесі. Оның үлесіне Қазақстанның сыртқы сауда айналымының 50%-і және ел экономикасына тартылған шетелдік капиталдың жартысынан астамы тиесілі.
2018 жылдың қаңтар-наурыз айларында Қазақстанның ЕО елдерімен сыртқы сауда айналымы $9 млрд құрады (2017 жылдың қаңтар–наурыз айларында — $6,8 млрд). 2017 жылғы қаңтардан желтоқсан айына дейін бұл көрсеткіш $30 млрд құрады (экспорт — $24,2 млрд, импорт — $5,7 млрд), бұл $60,2 млрд көлеміндегі ҚР-ның сыртқы саудасының жалпы көлемінің 49,8% құрайды.
2017 жылы Еуропалық Одақтан тартылған тікелей шетел инвестицияларының жалпы ағыны жалпы $20,7 млрд-тың $9,8 млрд құрады. Негізгі инвестор елдер: Нидерланды ($4,4 млрд), Бельгия ($960,6 млн), Франция ($595,3 млн), Ұлыбритания ($418,8 млн), Германия ($280,8 млн) және Люксембург ($276, 8 млн).
Қазақстан мен ЕО елдерінің арасындағы тауар айналымы 2018 жылдың қаңтар-ақпан айларында $5,5 млрд құрады, бұл өткен жылдың осындай мерзімімен салыстырғанда 32,6%-ке жоғары ($4,2 млрд) көрсеткіш.
2018 жылдың қаңтар-ақпан айларында Қазақстанның ЕО елдеріне экспорты 35,2%-ке өсіп, $4,7 млрд құрады. ҚР-ға ЕО елдерінен 2018 жылдың қаңтар-ақпан айларындағы импорт 19,6%-ке өсіп, $837,7 млн құрады.