МЕКТЕП БІТІРУШІ ТҮЛЕКТЕРДІҢ ДАЙЫНДЫҚ БАРЫСЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ
Қазіргі таңда білім ошақтарындағы мұғалімдер мен оқушылар үшін ең шешуші мәселе – Ұлттық Бірыңғай Тестілеудің көрсеткіші.
Осы орайда, Арал ауданының әкімі М.Оразбаевтың қатысуымен аудандық мәдениет үйінде ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық барысы туралы жиналыс өткізді. Жиынға аудандық білім бөлімі, ауданға қарасты барлық мектептің директорлары мен оқу ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты.
Жиын барысында аудандық білім бөлімінің басшысы С.Жанназарова жыл көлемінде түлектерді ҰБТ-ға дайындау бағытында атқарылған жұмыстар жөнінде және оқушылардың деңгейін анықтау мақсатынгда өткізілген сынама тесттердің нәтижелерін баяндап өтті. Сонымен қатар, ҰБТ – жас ұрпаққа сапалы білім берудің негізі екендігі, сондықтан да бұл маңызды жұмысқа үлкен жауапкершілікпен қарау керектігі жан-жақты талқыланып, аудан әкімі тарапынан нақты тапсырмалар берілді.