«ЖАҢА ГУМАНИТАРЛЫҚ БІЛІМ: ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ 100 ОҚУЛЫҚ»
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында ел дамуына зор үлес қосқан азаматтардың өздерімен олардың табысқа жету тарихына мән беріп, оларға ақпараттық қолдау жасап, танымал етудің жаңа мультимедиялық алаңын қалыптастыруға шақырды.
Қазіргі таңда сөздің емес, істің адамына басымдылық беріледі. Еліміздің жаңа технологияларға, жаңа әлемдік саяси экономикалық ахуалға негізделген мүлдем жаңа тарихи кезеңге аяқ басқанын, осы тұстан сүрінбей өту, Біртұтас Ұлт болу үшін қандай қасиеттерге ие болып, қандай міндеттерді еңсеру қажеттігі жөнінде кеңінен ой толғады.
Жаңғыру ұлттың өз болмысынан, мәдениеті мен тарихынан сусындауы, соған сүйене отырып іске асуы қажет. Біз өткенді бағалайтын, болашағын бағамдайтын халықпыз. Демек, бұл өзгерістерге үрке қарап, тек қана өткенді жырлай беруден, жаңаның бәрін қисық деп тауып, кертартпалықтан ада болуды талап етеді.
«Жаңа гуманитарлық білім, қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы, әлемнің озық, заманауи және таңдаулы үлгілері негізінде жастарға жаңа деңгейдегі сапалы білім беруді қамтамасыз етуді көздейді.
Ең әуелі, әр адам өзінің білімі мен біліктілігіне, мәдениеті, жеке тұлғалық қасиеттеріне, өмірлік дағдыларына мән беру қажет. Заман көшінен қалыс қалмас үшін әрқайсымыз «Мен тұлға және маман ретінде өзімді қалай жетілдіруім керек» деген сұрақты өзімізге қоюымыз қажет.
Роза Кенжеғұлова
«Сәрсенбай Бөртебайұлы атындағы
клуб үйі» КМҚК директоры