ЖҮРЕГІНДЕ БЕС ЖҰЛДЫЗ ЖАРҚЫРАҒАН
Таңнан тұрып сарғыш тартқан қойын дәптеріне өткен күндерден қалған естеліктерді тізіп жазып отыруды дәстүрге айналдырған еді. Бұрынғы темір тұлпардың тізгінін ұстап, шынығып шымыр болған саусақтары қазіргі шақта орамды ойлар, атадан қалған асыл сөздер мен батаны кестедей қып қағаз бетіне тоқитын нәзік саусаққа айналып барады.
Жетпістен асқан қарт ананы жазу үстеліне жетелеген нендей күш? Оған өзі де сене алар емес. Бүгін де күндегі әдетінше қағазға үңілді. Бойы сергек, ойы нық, өткен күндердің бәрі дәл қазіргідей көз алдында. Өзін ширақ сезінетіні қаршадайынан еңбек еткенінің әсері болар. Қазір де жүгіруді әдетке айналдырған. Жасайтын жаттығуы да бар. Денесін салқын сумен жууды да ұмытпайды. Өзін ешқашан енжар сезінген емес.
Еркеліктің, балалықтың не екенін қиын жылдардың құрсауында жүріп ұғынған да жоқ. Десе де жүрек түкпірінде оны мазалайтын бір ой бар. Елі үшін еткен еңбегін туған жерге перзенттік тағзым деп түсінеді. Оған ешбір ақы сұрап, мекеме есігін қаққан емес. Алайда, халықтың ықыласы мен құрметіне бөленсе, елеусіз, ескерусіз қалмай, салтанатты шараларға шақырылып, кейінгі ұрпаққа өзінің зерделі ақыл-кеңесін беріп, өмірлік тәжірибесін жастармен бөліссем дейді. Осы тұста қарт ананың арманына қанат бітіргендей болғанымызға қуандық. Біз бүгінгі әңгімеміздің кейіпкері Ырысты Өкшебаева апамызды қаланың "Ақмешіт" шағын ауданынан іздеп тауып, шұрайлы әңгімесіне құлақ түрдік.
БІЛІМГЕ ҚҰЛШЫНЫС
– Соғыстан кейінгі ауыр жылдар болатын, - деп бастады әңгімесін Ырысты апамыз үлкендердің сөзінен есімде қалғаны әкем Қармақшы ауданы Чапаев колхозынан інілері Үмбет пен Жүсіпті ертіп, қазіргі Сырдария ауданы Асқар ауылына (ол кезде «Болтай» аталған) көшіп келген.
Жантүгел деген болысқа 14 жасынан атқосшы болған. Сол болыс бауырларымен мал сойып, халықты жинап, әкемді өзіне «өкіл» бала етіп алған екен. Бүкіл ер-азаматтар соғысқа аттанғанда әкем бір ауылды «Ащыкөлден» балық, құс аулап асыраған деседі. Анам Айпан жастай жетім қалған, 13 жасында тұрмыс құрып, бала тәрбиесімен айналысқан. Кейін әкем қайтыс болған соң, Қараөзек ауылына көшіп келдік. Анамның өзі емханаға аспазшы болып, мені 1954 жылы Н.Крупская атындағы 4 жылдық мектепке оқуға берді. Ол жылдары мектептің директоры да, сынып жетекшіміз де Рахметолла Сағындықов ағай еді. Мені сен кішкентайсың деп қуып жіберетін. Есіктің тесігінен сығалап әріптерді жасырын үйреніп жүрдім. Бір күні қызық оқиға орын алды. Мені көрген ағай «келер жылы келесің» деп қайтарып жіберді. Жылап апама бардым. Апам дереу мені ертіп мұғалімге «Жетім-жесірдің баласы деп оқытпай жүрсің бе?» деп ренішін білдірді. Түсі бұзылып, сұп-сұр болып кеткен ұстаз:
– Жо-жоқ менің мүлде жаман ойым жоқ. Қызың жас, миы шаршайды дегенмін. Ынтасы болса, келіп отыра берсін, – деді. Сол түнді ұйқысыз өткізгенім әлі есімде. Мектепке өте ерте келіп, мұғалімді жүрегім лүпілдеп асыға күттім. Сөйтсем, ұстазым анамның жақын інісі екен. Оны кейін білдім.
ЕҢБЕКПЕН ЕСЕЙГЕН
Қазір ойлап отырсам, сол кезде өте ерте есейіппіз, - деді Ырысты апамыз әңгімені одан әрі өрбітіп. – Анамызға қолғабыс беруге ұмтылып тұратынбыз. Елдегі жағдай өте ауыр еді. Кешкі мектепте 8 сынып оқып жүріп, балабақшаға жұмысқа тұрдым. Кейіннен күндіз медбикелік оқу оқып, оны бітіріп, ауруханаға қызметке орналастым. Одан кейін 16 жасымда Әбіш деген жігітпен тұрмыс құрдым. Жұбайлық өміріміз ұзаққа созылмады. Жолдасым ауырып, 28 жасында өмірден өтті. Қиын жылдар мойытпады, қайта жігер берді. 1968 жылы Ыбырай Жақаев атамыздың облыс жастарын күріш егуге шақырған үндеуі жарияланды. Ауыл басшылары үгіт жүргізіп, біздің үйге де келді. Апама «балалары жас қызыңды жұмысқа жібер, өмірін қор қылма» деп еңбек етуге бағыттаған еді марқұм Беркімбай ағамыз. Сондай-ақ, Палымбет, Сансызбай аға, Қалипа, Шайкүл, Қаншайым апаларымызға алғысым шексіз.
ӨЖЕТТІК ӨРГЕ БАСТАДЫ
Ырысты апамыз өткен шаққа ойша оралды. Сол жылдардағы оқиғалар күні кешегідей көз алдында. Осылайша, еңбек жолымның үлкен даңғылға бастар соқпақтарына жол тарттым. Сонымен 18-де он қыз күріш егуге аттандық.
Шынында өмір өз дегенін істетпей қоймайды. Соған төзе білген, тоқтыққа қанағат еткен адам ғана асқақ арманына жете алады. Он қыздан 1 бригада жасақталды. Жұмылып еңбек етіп, сол 100 гектардан 53 центнерден өнім алып, рекорд жасадық. Жалағаштағы СПТУ-150 училищесі филиалының курсын бітірдім.
Сонау 1969 жылы көктемде Қостанай облысынан Кәмшат Дөненбаева «Қыз-келіншектер техниканы меңгерейік» деген үндеу тастады. Ізінше ауыл басшылары біздерді шақырып алып, «Ал, қыздар, темір тұлпарға отырып, өздеріңді республикаға танытатын кез келді. Үндеуге жауап беруіміз керек», - деді. Ешкімде үн жоқ. Ал мен партия мүшесімін. Шыдамадым. «Мен шығамын. Бірақ маған тракторды үйренуге уақыт беріңіздер», - дедім.
Сол кездегі басқарма бастығы Қайранбай Сманов ағай «ер-азамат тізгіндей алмай жүрген тракторды қалай нәзік жанды әйелге тапсырамыз? Ертең жоспарды орындай алмай артта қалмаймыз ба?» - деп маған қадала қарады. Жанарым жасқа толып:
– Әйел нәзік болғанмен, қазандағы сүтті отсыз қайнатады. Намысқа тимеңіз. Ағай, сенбесеңіз қойыңыз. Мен отырамын тракторға, – деп қойып қалдым. Жиналған көпшілік менің өжеттігіме қайран қалып, қолпаштап қол соқты.
ЖҰЛДЫЗДЫ ЖЕҢІСТЕР
– Тракторды енді үйреніп жүрген кезімде облысқа жер айдау жарысында екінші орын алдым. Осылайша, темір тұлпармен өмірлік сенімді достығымыз басталып кетті. Республикалық, бүкілодақтық жарыстарға 6, халықаралық деңгейдегі сайысқа 1 рет қатысып, бәрінен жүлделі оралып жүрдім. Осы сайыста маған есімім жазылған «К-700» тракторын сыйға тартқан болатын.
Ал 1988 жылы Польшада өткізілген халықаралық жарыс жайлы айтар болсам, ол да өте тартысты өтті. Бәрі де намысты қолдан бергісі келмеді. Ол жерден де бірінші орынды иемдендім. Салтанатты шарада маған өзімнің есімім жазылған алтын жалатылған сувенир соқа табыс еткен болатын. Оны мен ескерткіш ретінде Польшаның ұлттық мұражайына сыйға тарттым. Қазірге дейін ол экспонат музейде сақтаулы екен,– дейді Ырысты апамыз.
ЕЛ АҒАСЫМЕН ЕРЕКШЕ КЕЗДЕСУ
Күндердің күнінде сол кездегі облыс басшысы Еркін Әуелбековпен жолығудың сәті түскен екен. Ол жайында кейіпкеріміз былайша әңгімелеп берді.
– Бір қызық оқиға болды. Ол кезде Еркін Нұржанұлы Әуелбеков ағамыз әлгі маған берілген Польша мұражайында тұрған алтын жалатылған соқа экспонат жайлы сол елде елшілікте жүрген досы арқылы хабардар болған екен. Онда менің есімім жазулы ғой. Біздің облысқа басшылыққа келген бетте егіс даласына мені іздеп келгені бар. Жалғыз жүр екен. Алғашқыда оның кім екенін таныған жоқпын. Менен су сұрады. Менің су құйған ыдысыма қарап "Ыдыстың сыртын киізбен орап қойсаң, суың салқын боп тұрады, балам" деп кеңесін де айтып жатты. Келген шаруасын да түсіндірді. Әні-міне дегенше аудан басшысы басқа да қызметкерлер жиналып қалды.
– Жарайсың, қызым! Айналайын, еңбегің жансын! "Алтын жұлдызға" ұсыну керек сені! – деген еді. Сол кезде мен жұлып алғандай сенімді дауыспен "Ағай, жұлдыздың керегі қанша?! Менің жүрегімде бес жұлдыз жарқырап тұр емес пе?" деп жастықтың жалынымен нақ жауап қайтарыппын. Қазір осы сәт есіме түссе, езу тартамын.
– Кәмшат Дөненбаеваның ізбасарларын қалай байқамай жүргенбіз? – деп ол кісінің де жүзіне күлкі үйірілді.
Қандай қарапайымдылық, не деген адамгершілік десеңізші! Әйтпесе, сол кезде техника тілін білетін қыздар баршылық еді. Сол кісілердің ақеден алғысы өмірімізге шырақ жаққандай еді ғой, шіркін!
АНА ӨСИЕТІ
Абайдың 38-қара сөзінде: «Егерде есті кісілердің қатарында болғың келсе күніне бір мәрте, болмаса айында бір өзіңнен өзің есеп ал» дейді. Мен қазір 70-ке жақындасам да өзімнен есеп алып отырамын. Балаларымды да осы ұлағатпен тәрбиеледім.
Қазір ұлым Нұрланмен бірге осында тұрамын. Екі қызым тұрмыста. Аллаға шүкір, немере, шөбере де бар. Ең бастысы, ұрпағым жалғасуда, 28 жасында өмірден өткен марқұм күйеуім Әбіш Әбілдаұлының шаңырағын сақтап қалдым. Оған барлық ағайындарға алғыс айтамын. Халықта «Балаңды өз тәрбиеңмен тәрбиелеме, өз ұлтыңның тәрбиесімен тәрбиеле» деген мақал бар. Балаларыма ақылды ұғар сөзге тұшынар ұрпақтарға айтарым, Абай атамыздың шығармаларын әсіресе, қара сөздерін оқып, түсінбесе қайта оқып, болашағына пайдаланса деймін,- деді Ырысты апамыз бізбен қоштасып жатып.
ТҮЙІН СӨЗ
Өмірінің жарқын беттерінен бізге өрнекті әңгіме айтқан Ырысты анамыздың нұрлы жүзінен мейірім мен шуақтың самалы есіп тұрғандай екен. Оның еңбекпен ысталған алақанынан дәм татудың өзі қандай құрмет десеңізші! Даланың иісі аңқыған анамызбен болған жұлдызды сұқбат менің жүрегіме де терең тебіреністер, таңғажайып тағылым сыйлады.
Жүлдеге К-700 тракторын еншілеген механизатор Ырысты Өкшебаева жайлы былайғы жұрт біле бермес деген оймен ойлы оқырманға ұсынып отырмыз.
Гауһар ҚОЖАХМЕТОВА,
Қызылорда қаласы