ҚАРАБАЛИН ҚАЗАҚСТАНДА ЖАНАРМАЙ БАҒАСЫ ТӨМЕНДЕЙТІНІН РАСТАДЫ
Қазақстанда жанармай арзандайды. Бұл жөнінде ОКҚ брифингінде ҚР Энергетика вице-министрі Ұзақбай Қарабалин мәлімдеді.
"Жанармай арзандай ма? деген толғағы жеткен сұраққа бірден жауап берейін. Жауап: "иә". Жақын арада мемлекеттің бақылауындағы мұнай өнімдерінің бағасы төмендеуі мүмкін. АИ-92 бензинінің бағасы 128-ден 115-ке, АИ-80 бағасы бұрынғы 89 теңгеде қалады, ал дизель отынының құны 115 теңгеден 107-ге түседі", - деді Қарабалин.
8 желтоқсанда Парламент Мәжілісінде өткен "Нұр Отан" партия фракциясы төралқасының отырысында Энергетика министрі Владимир Школьник үкімет акцизделетін тауарлардың акциз бағаларына қатысты өзгерістерді бекітетінен хабарлаған болатын. Бұл өзгерістер мақұлданса, 2015 жылдың қаңтарынан бастап бензин бағасы арзандайды.