ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ
1941-1945 жылдарғы Ұлы Отан соғының аяқталғанына биыл 73 жыл толып отыр. Осы жеңіс мерекесі аясында майдан даласында Отан үшін от кешкен және сол жылдары «Бәрі де жеңіс үшін, бәрі де майдан үшін» ұранымен туған жерді жаудан азат етуге кеткендердің орнын басып, егістік басында, зауыт-фабрикаларда күндіз-түні аянбай еңбек еткен бүгінгі тыл ардагерлеріне құрмет көрсетілуде.
Қармақшы аудандық сот ұжымы Жосалы кентіндегі соғыс және тыл ардагерлері Қуанышбай Бисембаев пен Кәмпит Шүленованың отбасында болды.
Аудандық соттың төрағасы Дархан Кентбаев пен судьялар Ермек Құтыбаев және Лаура Алибековалар ардагерлерді Ұлы Жеңіс мерекесімен құттықтап, сый-құрмет көрсетті. Сондай-ақ, қарияларға нақты кезеңде сот жүйесінде атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтып берді.
Тағылымды шара барысында ардагерлер осындай бастаманы ұйымдастырушыларға баталарын беріп, ел мүддесі үшін істеп жатқан игі істеріне сәттілік тіледі.
Нұрбай ЖАНӘДІЛОВ,
Қармақшы ауданы