МҰНАЙДЫҢ БАҒАСЫ КӨТЕРІЛДІ
Лондон мен Нью-Йорктің шикізат биржаларында бейсенбі күні болған сауда қорытындысы бойынша, мұнай бағасы көтерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Сауда қорытындысына сәйкес, Brent маркілі мұнайдың бағасы шілдедегі жеткізілімдер бойынша Лондонның ICE Futures биржасында 0,26 долларға жоғарылап, баррелі 73,62 доллар болған.
WTI маркілі мұнай фьючерстерінің құны маусым айындағы жеткізілімдер бойынша Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) 0,5 долларға қымбаттап, баррелі 68,43 долларға жетті.