ҚЫЗЫЛОРДАДА «БЕ-БҚ» ЖОБАСЫ ҚҰРЫЛЫСШЫЛАРЫ ЖАҢА ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСУДА
Қызылорда облысында «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автомагистралінің жергілікті учаскелерінің құрылысы мен «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистральдық газ құбырының жұмысшылары жобаның аяқталуына байланысты жұмыстан босатылуда, деп хабарлайды Bnews.kz тілшісі.
Қызылорда облысы аумағындағы бұл нысандарда алты мыңға жуық жергілікті тұрғындар жұмыс істеген. Құрылыс аяқталуға жақындағанда жұмыс ауқымы да азайған. Сондықтан жол және газ жобасында бүгінде облысымыздың бар болғаны 2600 тұрғыны жұмыспен қамтылып отыр. Облыстық облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының ақпаратына сүйенсек, 2100 жұмысшы әрі қарай басқа нысандарға ауыстырылып, сол мекемелерде жұмысын жалғастыратын болады. Бұрын босатылған жұмысшылар да бүгінде жұмыспен қамтылған. Тағы 500 тұрғынды басқарма көп күттірмей жұмысқа орналастырмақ. Оның үстіне, өңірде «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауында айтылған жобаны жүзеге асыру барысында жол және басқа да құрылыс орындары ашылмақ.
Шынар БЕКБАН