РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ – БОЛАШАҚҚА БАСПАЛДАҚ
Тәуелсіздік тұғыр болғалы ширек ғасырдан асты. Санаулы жылдар ішінде толағай табысты еңсердік десек сөзіміз жалған болмас. Азғантай мезгіл ішінде тұтас бір ғасырға бергісіз үлкен еңбектер жасалды.
Тамыры тектілікпен ұштасқан тәуелсіз Қазақстан әлемге айбарын көрсете алды. Осынау жаһандану үдерісінде қарыштап дамудың тетігін нұсқап, татулық пен тұтастықтың жаршысына айналды. Еліміз дарабоз көшбасшылық қағидаттарын алға тарта отырып, ғаламдық мәселелерге де үн қосты.
Кәрі құрлық ғана емес, бүткіл дүние жүзі біздегі жаңғырудағы жылдамдыққа таңырқай қарайтын болар. Әрине, бұл елбасы Н.Назарбаевтың сарабдал саясатының айқын көрінісі. «Мәңгілік ел» боламыз десек асыл мұрат жолында бір жасақта, бір шепте бой көрсетуіміз қажет. Бір жеңнен бас, бір жеңнен қол шығарып, бірлікпен тірлік етсек қазақ алмайтын қамал жоқ.
Рухани жаңғыру мемлекет үшін аса маңызды саяси реформа. Біздің мақсатымыз – мәңгілік ел болу. Саясаты жүйелі, экономикасы тұрақты мемлекет қалыптастыру. Әлемдегі дамыған 30 елдің қатарында болу Қазақстанға үлкен міндеттер жүктейді.
Елбасымыз атап кеткендей, «Рухани жаңғыру тек бүгін басталған жұмыс емес». Қазақтың ертеңі жастардың қолында. Бойында ұлттық мінез бен ұлттық болмыс қатар дарыған қазақ жастары ел сенімін абыроймен ақтайды деп сенім білдіремін. Ғылым мен мәдениеттің қай саласында болмасын тың серпіліс болса ертеңіміз қалың тұманнан арылар еді.
Бүгінгі жолымыз айқын. Ертеңгі мақсатымыз да анық. Рухани жаңғыру жолындағы жас мамандардың арқалаған жүгі жеңіл емес. Бәсекеге қабілетті қағидаларды алға тартып отырып, жаңа көш жолға шықса ұлттың келешегі кемел болмақ. Еліміз жаһандану заманында ғаламдық бастамаларды еркін көтеріп жүр. Төрткіл дүние қырғи қабақ болып жатқан уақытта бүлікшілерге бітім айтып, әлем халықтарына бейбіт таңдау жасауға бағыттап келеді біздің мемлекет. Тарих өз бағасын берер. Сол тарихи шежіре қазақтың қадір-қасиетін ерлікпен жырласа дейміз.
«Рухани жаңғырудағы жас маман рөлі қандай?» деген сұрақ әр қазақты алаңдатпай қоймасы анық. Мемлекетке жас маман қажет. «Нұрлы жол» бағдарламасы болашаққа нық қадам жасауға өз ықпалын тигізеді. Орта буын өкілдерінің еңбек нарығындағы сұранысын арттырады.
Елбасының тікелей қолдауымен жастарға үлкен жеңілдік қарастырылып отыр. Кәсіпкерлік, ұстаздық, мәдениетке, ғылымға кез келген мамандық иесіне елі үшін аянбай тер төгуге мүмкіндік жасалып отыр. Біліктілікті арттырып, саналы ұрпаққа сапалы білім беру – біз үшін басты мақсат.
Жаһандану үлкен жылдамдықты талап етеді. Қоғам сұранысын өтей алсақ қабілеттілігіміз де арта түседі. Заман талабына сай қадамдар жасай білсек, болашағымыз жарқын болмақ. Ертеңгі Қазақстанды қалыптастырушы жастардың ұлтжандылық қасиеттерін арттыру аға буын үшін абыройлы міндет. Ел ертеңі отанға деген сүйіспеншілігі мол жастардың қолында. Ұлттық болмыс пен ұлттық рухты қатар алып жүрсе тыныштығымыз әсте бұзыла қоймас. Қоғамға қауіпті ұрпақ өсіп келе жатыр деп айтылып та, жазылып та жүр. Жаңа технология, мультимедиалық кеңістік санамызды құрсауға алғаны жасырын емес. Оған ХХІ ғасырдың көрінісі деп бей жай қарайтынымыз бар. Алайда, ұлттық болмыстан ада болып буыны қатайған ұрпақтың ұлтқа берері көп деп айта алмаймын. Жас ұрпақтың бойына патриоттық сезімдерді орнатуға бекінсек, алғашқы қадамды мектеп қабырғасынан бастауымыз абзал.
Құндылықтар алмасқан қоғамда ел бірлігінен асқан риясыз марапат жоқ. Барар жолымыз даңғыл болсын.
Айдынгүл ТӨЛЕБАЕВА,
ҚМУ-дің оқытушысы.
Назерке САҒЫНҒАН,
ҚМУ-дің 3 курс студенті.