БІЛІМНІҢ САЛТАНАТЫН ТЕРБЕТКЕН
«Еркін елдің болашағы – фундаменталдыбілім мен дамыған ғылым еншісінде».
Н.Ә.Назарбаев
Ұлт көшбасшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласынан туындайтын міндеттер білім саласына аса жоғары мән беруді талап етеді. Онда «Білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді. Білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу» қажеттігі айтылған.
Осы мақсаттарға жету жолдарында ұстаз еңбегінің, мектептердің өзіндік үлесі бар. Ең маңызды мәселе осында жатқан сияқты. Латын әліпбиіне көшу жұмыстарында да ұстаздар қауымына артылар жүк аз болмайтындығын сеземіз. Осы бағытта, әсіресе алыс ауылдарда мектептерге салмақ түсетіндігі анық. Әрине, бірақ мұның бәрі – білім саласындағы мамандардың міндеті.
Сырдария ауданы Қалжан ахун ауылында №126 орта мектеп бар. Алтын ұя мектебіміз талай шәкіртті қанаттандырып, еліміздің өркендеуіне үлес қосып келеді. Иә, тарихсыз тағылым жоқ. Мектебіміз сонау Кеңес дәуірінде 1934-1936 жылдары ашылған Шолақарық, Бостандық жол, Сталин, Амангелді атындағы мектептердің негізінде 1950 жылы В.И.Чапаев атындағы жетіжылдық мектеп болды. 1962 жылы мектеп сегізжылдыққа, 1987 жылы орта мектепке айналды.
Мектептің іргетасын қалап, жас ұрпаққа тәрбие беруде еңбек еткен Шарапат Жансымақов, Мінайдар Аюпов, Бибайша Оразаева, Нәзия Әбдібахитова, Қалабай Ділдебаев, Әбдірей Сүйінішбаев, Әбілда Ыбыраев, Қасымхан Нақыпов, Сейді Досымбетов, Қалыбай мен Нақыш Ермахановтар, Тұрсынбек Бәшенов, Нәурет Әкбаров, Қайрақбай Нұрыбаев, Серік Қарамырзаев, Қадиша Маханбетовалардың ұстаздық қызметі ел есінде.
Мектеп ғимараты 2001 жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 10 жылдығына орай жаңадан салынып, 2002 жылы пайдалануға берілді. Мектепте 16 сынып бөлмелері, кітапхана, спорт залы бар. Сиымдылығы-250 орындық. Шағын ғана мектепте 2017-2018 оқу жылында 218 оқушы білім алып, 44 ұстаз шәкірттерді білім нәрімен сусындандыруда. Мектеп 2 ауысымда жұмыс істейді және бес күндік оқу аптасына негізделген. Сыныптар саны – 12 комплект. Бірінші ауысымда – 5 сынып оқиды, ондағы бала саны – 76 оқушы. Екінші ауысымда – 7 сынып оқиды, ондағы бала саны – 142 оқушы.
«Басшысыз ел болмайды, жағасыз жең болмайды» деген халық даналығына ден қойсақ, Тәуелсіз Қазақстан кезеңінде мектепті Қайрақбай Нұрыбаев, Бердібек Зинабдинов, Ләззат Палымбетова, Бағдашкүл Сағындық сынды білікті басшылар басқарып, ұжымның қарымды жұмыс жасауына үлес қосты. 2017 жылдың қараша айынан бері осы мектепте басшылық қызметті жалғастырып келемін. Сырдария аудандық білім бөлімінің 2013 жылғы 3 қарашадағы №183 ЖҚ санды бұйрығына сәйкес №36 Әбділда Тәжібаев атындағы мектеп-лицей директоры лауазымынан ауысу тәртібі арқылы №126 орта мектебінің директоры лауазымына тағайындалдым.
№126 орта мектебі сонау жылдардан бері табыстан кенде болған емес. Мен өзім аудан көлемінде басқа мекемелерде қызметте жүрген кездерімнен мектеп ұжымының жемісті еңбектерінен хабардар болып жүрдім. Мәселен, 2006 жылдары №126 орта мектебінің ұстаздары «Көңілді тапқыштар клубы» сайысында ауданда бас жүлде алып, облыстық сайыста бірінші орынға ие болды. Сол жылы Астана қаласына сапарлап барып қайтты. Мектеп ұжымы өнер сайыстарымен қатар спорт жарыстарында да жақсы жетістіктерге жетіп жүрді. Мәселен, Бөдеев Мұрат, Бакуов Марат, Бакуов Болат, Сүйеубаев Руслан сияқты ұстаздар тұтастай ауыл спортының дамуына өзіндік үлестерін қосты.
Сонау жылдары қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Б.Мамаева, Р.Құлмағанбетова, С.Тілеубер-генова, тарих пәнінің мұғалімдері: А.Манасова, М.Мамытов, орыс тілінен Г.Әбдіғаппарова, Б.Есжанова, ағылшын тілі пәнінен А.Тәжібаева, физика-математикадан С.Қарамырзаев, Б.Зинабдинов, химия-биология пәнінен С.Әбжалиев, географиядан Ж.Әкбаров, бастауыш сынып мұғалімдері Қ.Маханбетова, Р.Ерғалиева, П.Тұсмаған-бетова, Ү.Жүсіпбекова, Л.Жұмаділова, Ш.Әбілда, Б.Қоянбаева, Р.Нұрманова сынды үлгілі ұстаздар еңбек етті.
Осындай үлгілі ұстаздардан білім алған шәкірттер байтақ еліміздің көлемінде еңбек етуде. Атап айтқанда, республикаға танымал «Әзіл әлемі» театрының әртісі Қанат Әлжаппаров, республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің жауапты хатшысының орынбасары Амангелді Қияс, «Қазақстан» ұлттық телеарнасының аға жүргізуші тілшісі Ғабит Ұзақбай, Сырдария аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы, Қазақстан Республикасының спорт шебері Марат Ерташов, аудандық «Мирас» жастар ұйымын басқарған, қазір Астана қаласында өнер саласында жүрген Бақытбек Қарамырзаев, қызылордалық «Қайсар» футбол командасының құрамындағы Айбол Жақаев, «Байқоңыр» футбол командасының құрамына талаптанып жүрген жас спортшыларымыздың бірі Мейіржан Меңлібаев сынды айтулы азаматтар мектебіміздің мақтанышы. Өткенге оралуымыздың себебі – өткенсіз бүгінгі күннің, яғни тамырсыз, тарихсыз ешбір нәрсе болмайтындығын ескеруді орынды деп білемін.
Тарихи сабақтастығы үзілмеген №126 орта мектебі соңғы екі-үш жылдың көлемінде де толағай табыстарға кенелуде. Мәселен, жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың ІІ кезеңіне қатысқан оқушыларымыз жылдан-жылға артып келеді. 2015-2016 оқу жылында 4 оқушы жүлделі орын алса, 2016-2017 оқу жылында 6 оқушы жүлделі орындарды иеленген, 2017-2018 оқу жылында 5 оқушы жүлделі орындар алды.
Биылғы оқу жылында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың ІІ кезеңінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен 10-сынып оқушысы Гүлнұр Кажденбекова ІІІ орын (пән мұғалімі – Әкімжан Беккулиев), тарих пәнінен 10-сынып оқушысы Нұртөре Есенгелді ІІ орын (пән мұғалімі – Ләйла Сарсембаева), орыс тілі және әдебиеті пәнінен 8-сынып оқушысы Ажар Шаймұратқызы ІІ орын (пән мұғалімі – Гүлмира Әбдіғаппарова), физика пәнінен 8-сынып оқушысы Думан Жетпісбаев ІІІ орын (пән мұғалімі – Элвира Мықбасова), информатика пәнінен 8-сынып оқушысы Қарақат Гамзатқызы ІІІ орынды (пән мұғалімі – Лаура Байтоқаева) жеңіп алды. Алдағы уақытта осы оқушыларымыз облыстық деңгейде топ жарады деген үміттемін.
Қазіргі қоғамда «Ұлттық бірыңғай тестілеу оқушы білімінің айнасы бола алмайды» деген пікір бар. Дегенмен де, оның астарында оқушы білімін арттыруда ұстаздар еңбегінің жатқандығын ескеруіміз қажет. Сонымен ҰБТ көрсеткіштерінің жылнамасына қараса, 2014-2015 оқу жылында орташа балл – 74,2 балл, 2015-2016 оқу жылында орташа балл – 84,8 балл, 2016 – 2017 оқу жылында орташа балл – 104,6 балл болды. Сырдария ауданы бойынша 17 мектептің ішінде біздің мектебіміз 2015 жылы 11 орында болса, 2016 жылы 4 орынға, 2017 жылы 1-орынға көтерілді. Осы жылдар көлемінде оқушыларымыз Бердібек Аманжол С.Сейфуллин атындағы Қазақ ұлттық аграрлық университетіне, Қуатбеков Нұрдәулет Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетіне, Мұзарапов Нұржан Семей мемлекеттік медицина университетіне, Бақытбекова Аружан Қарағанды медициналық акдемиясына, Боданов Нұрбол Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетіне, Нәуретов Дәуіржан Лев Гумилев атындағы ЕҰУ-не, Қуандықова Гүлзада Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетіне оқуға түсіп, мемлекеттік грант иегерлері атанды.
Ұлттық бірыңғай тестілеуге оқушыларды дайындауда тарих пәні мұғалімі Ләйла Сарсембаева, физика пәні мұғалімі Бердібек Зинабдинов, математика пәнінен Элмира Жорабекқызының еңбектерін ерекше атап өткім келеді. Осы ұстаздардан білім алған оқушылар Ұлттық бірыңғай тестілеуде жоғары балл алып, мектеп мерейін асқақтатуда.
Оқушыларымыздың түрлі шараларға қатысуы бойынша да айтарлықтай жетістіктеріміз бар. 2015 жылдың қазан айында өткен І топтық республикалық қашықтық олимпиадасына қатысқан 8-сынып оқушысы Н.Әбетова, 9-сынып оқушысы Н.Өтешов, 10-сынып оқушылары Н.Боданов, Е.Әлібеков, 11-сынып оқушылары Н.Мұзарапов, А.Кенжебекова, А.Бақытбекова, Н.Есенкелдіқызы арнайы сертификат алса, қараша айында 8-сынып оқушысы Н.Әбетова «www.adisker.kz» ұстаздарға арналған интернет ресурсы әкімшісі ұйымдастырған «Жас дарын» атты ІІ Республикалық ғылыми жұмыстар конкурсында «Қазақтың ұлттық ойындары» тақырыбында зерттеу жұмысына қашықтықтан қатысып, жүлделі І орын иегері атанды.
2017 жылы «Тіл білімі» секциясы бойынша ғылыми жобалар байқауына қатысқан 10-сынып оқушысы Гауһар Мұзарапова аудандық кезеңде І орын, облыстық кезеңде ІІ орын алып, Алматы қаласындағы республикалық кезеңге қатысып қайтты.
2015 жылдың қыркүйек айында 8,9,10-сынып оқушыларынан (барлығы 12 оқушы) құралған «Болашақ» тобы «Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасының ІІ кезеңінде ІІІ орынды иеленді.1 желтоқсан – Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне байланысты өткізілген көшбасшы сайысында 9-сынып оқушысы Н.Рүстемова жүлделі ІІ орынды иеленсе, плакаттар сайысында №126 орта мектебі І орынға ие болды.
2016 жылдың ақпан айында өткен «Отаныма – 25 игі іс» акциясының аудандық шарасында «Менің құрдастарым» шығармалар байқауында 6-сынып оқушысы Дилназ Бекежанова «Алғыс хатпен» марапатталса, «Өлең – сөздің дүлділі – Жамбыл ақын» тақырыбындағы мүшайрада 6-сынып оқушысы Ажар Шаймұратқызы ІІІ орынды, «Менің жетістігім-елімнің жетістігі» қолөнер байқауында 8-сынып оқушысы Маржан Серікқызы І орынды, «Орда» патриоттық ер балалар байқауында Думан Жетпісбаев ІІ орынды жеңіп алды.
2017 жылы 9-сынып оқушысы Гүлнұр Кажденбекова облыстық «Бала би» шешендер байқауында ІІІ орын иеленсе, Оралхан Бөкей атындағы көркемсөз оқу шеберлері байқауында 2016 жылы І орын, 2017 жылы ІІ орынды иеленді. 2017 жылдың желтоқсан айында Алаш қозғалысының 100 жылдығына және Қорқыт ата университетінің 80 жылдығына арналған «Алаш алыптары» атты аудандық мүшайрада Г.Кажденбекова ІІ орын иеленіп, облыстық сайысқа қатысып «Алғыс хатпен» марапатталды.
Мектебіміздің мақтанышы Інжу Дүйсенғалиева «Ұлы Дала Елі» облыстық байқауында ІІІ орын; аудандық «Абай оқулары» байқауында ІІІ орын, ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған Бесарық, Шаған ауылдарында өткен аудандық жыр мүшайраларында ІІ орын иеленді. 2017 жылы «Сыр үміттері» кітабына шығып, «Алғыс хатпен» марапатталды. Биылғы оқу жылында Інжу Дүйсенғалиева «Ұлт тарихындағы ұлы белес» атты облыстық ақындар мүшайрасына қатысып, жүлделі ІІІ орынды иеленді.
Мектеп оқушылары да спорттық жарыстарда топ жарып жүр. 2016 жылдың қаңтар айында Қаратау қаласында өткен мемлекет және қоғам қайраткері, Жамбыл облысының құрметті азаматы Кеңесхан Сәбденұлы Ахаевты еске алуға арналған республикалық турнирде футболдан 5-сынып оқушылары С.Сәрсенғали, М.Бауыржанұлы, Е.Нәбиевтер жүлделі ІІІ орынды иеленіп қайтса,ақпан айында «Әкем, анам және мен – спорт сүйер отбасымыз» атты аудандық жанұялар сайысында Бауыржан Маратовтың отбасы І орынды жеңіп алды.
2017 жылы Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында аудандық футбол сайысында 7-сынып оқушысы Нұрдәулет Ұзақбаев «Үздік қақпашы» номинациясымен марапатталды. Осы аудандық спорт жарысында 10-сынып оқушылары Арайлым Сарыбаева қол күресінен ІІІ орынды, Нұржігіт Көшербай ІІ орынды жеңіп алды. Мектептегі баскетбол үйірмесінің мүшелері 10-сынып оқушылары Нұрай Әбетова, Арайлым Сарыбаева, 8-сынып оқушысы Мадина Аппазова, Қарақат Гамзатқызы, 9-сынып оқушысы Аружан Сейдікәрімова, 6-сынып оқушысы Гүлжан Сәрсенғалиқызы, 11-сынып оқушысы Ақерке Рсайқызы облыстық баскетбол сайысына қатысып, облыстық білім басқармасының сертификатымен және сыйлықтарымен марапатталды.
2017 жылы желтоқсан айында Қазақстан Республикасының Елордасы – Астана қаласының 20 жылдығына орай ұйымдастырылған «Қызылорда марафоны – 2017» марафонына қатысқан мектебіміздің алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімі Мұрат Бөдеев ІІ орын иеленсе, қараша айында Тараз қаласында өткен республикалық көпсайыс спорттық сайысында І орын иеленді. 2016 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы тестілерінен Қазақстан Республикасы чемпионатының бағдарламасында жүзуден 40-49 жас ерекшеліктер тобында І орын алып, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің арнайы дипломымен марапатталды.
2017-2018 оқу жылындағы педагог қызметкерлердің саны – 44. Олардың 10-ы арнаулы орта білімді (22,7 пайыз), 34-і жоғары білімді мамандар (77,2 пайыз). Жоғары санатты – 3 (6,8 пайыз), І санатты –18 (40,9 пайыз), ІІ санатты санатты – 15 мұғалім (34 пайыз). Санаты жоқ мұғалімдердің саны – 8 (18,1 пайыз).
Білімнің салтанатына сән берер мектеп мұғалімдері де өз жетістіктерімен мектеп мерейін асқақтатып келеді. Атап айтқанда, мұғалімдердің өз білімдерін жетілдіруі бағытында математика пәнінің мұғалімі Элмира Жорабекқызы 2015 жылдың қазан айында өткен аудандық «Жас маман – 2015» байқауына қатысып, жүлделі ІІІ орынды жеңіп алса, педагог-психолог Гүлжанат Абдыкаримова «Жас маман – 2017» байқауына қатысып ІІІ орынды иеленді. 2015 жылы математика және жаратылыстану пәні бірлесітігінің жетекшісі Ұлпан Елеусінова Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институында «Пән бірлестік жетекшілерінің инновациялық педагогикалық әрекетін ұйымдастырудың жаңа амалдары» тәжірибелік сағатына қатысып, «Алғыс хатпен» марапатталды. 2016 жылы ағылшын тілі пәні мұғалімі Айжан Дайрова аудандық «Үздік аударма» байқауына қатысып, Сырдария аудандық білім бөлімінің ІІ дәрежелі дипломымен, Қазақстан Республикасының 25 жылдығына арналған «Ғылым және Өмір» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда жасаған құнды баяндамасы үшін дипломмен марапатталды. 2016 жылы осы ағылшын тілі пәні ұстаздары аудандық «Ағылшын тілі» семинарында үздік көрмесі үшін Сырдария аудандық білім бөлімінің «Алғыс хатымен» марапатталды.
№126 орта мектебі директорының бейінді оқыту жөніндегі орынбасары Мұстафа Мамытов Білім және ғылым министрлігінің «Өрлеу» республикалық біліктілігін арттыру ұлттық орталығының «Ең үздік шығармашыл ұстаз» медалімен, Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығының «Алғыс хатымен» марапатталды. Алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімі Мұрат Бөдеев 2016 жылы Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының Алғыс хатымен марапатталды.
Мектеп тәлімгері Ақжарқын Есназарова 22 қыркүйек – Тілдер мерекесіне орай шаралар ұйымдастырудағы белсенділігі үшін халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының аудандық ұйымының «Алғыс хатымен», дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Гүлмайра Сүлеймен өскелең ұрпаққа тәрбие мен сапалы білім берудегі қажырлы еңбегі үшін облыстық Білім басқармасының «Құрмет грамотасымен», республикалық «45minut.kz» газетінің грамотасымен марапатталды. Өнер додасында сурет және сызу пәнінің мұғалімі Айша Ералы аудандық «Сыр аруы – 2015» байқауына қатысып, жүлделі ІІІ орынды жеңіп алды.
2017 жылдың 22 қыркүйегі – Қазақстан халықтарының тілдері күні мерекесіне орай «Тіл – татулық тірегі» атты тілдер фестивалінде мектеп ұжымы аудан бойынша 17 мектептің ішінен үздік шығып Бас жүлдені жеңіп алды. Неміс ұлтының салт-дәстүрін, мәдениетін көрсетуде мектеп ұстаздары Айдос Төлегенов, Айша Ералықызы, Гүлбақыт Қожагелдиева, Салтанат Жаңабатырова, Гүлбаршын Байниязова, Ғалымжан Досығұлов, Гүлзат Оразалиевалар үздік өнер көрсетсе, ұйымдастыру шараларында Ботагөз Есжанова, Берік Шілдебаев, Ақжарқын Есназаровалар шеберлік танытты.
Мемлекет басшысы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында: «Еркін елдің болашағы – фундаменталды білім мен дамыған ғылым еншісінде»,- деген болатын. Еркін елдің болашағын қалыптастыратын негізгі білім осы мектептен қалана бастамақ. Білімнің салатанатын тербеткен мектебіміздің алар асуы әлі де алда деп білемін.
Мұрат ТӨЛЕГЕНОВ,
№126 орта мектебінің директоры
Сырдария ауданы, Қалжан ахун ауылы