ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС – БҮКІЛ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҚОҒАМНЫҢ БАСТЫ МІНДЕТІ

Шара барысында Б.Жандарбеков ел ішіндегі сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының статистикасын және жемқорлыққа қарсы саясатты жүргізудің арқасында Қазақстан осы бағытта көрсеткіштерді жақсартуда екендігін атап өтті.
Б.Байкожаев Елбасы Н.Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» жолдауындағы жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі туралы көрсетілген тоғызыншы бағытына толығырақ тоқталды.
Іс-шара соңында азаматтық қорғау органдарының қызметкерлеріне елімізде болған сыбайлас жемқорлық көріністерінің статистикасы мен қылмыстық, тәртіптік және әкімшілік жауапкершілікке апарып соқтырған жеке жағдайлар туралы бейнеролик көрсетілді.
Аталған кездесу қызметкерлерде жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда оң нәтиже береді деп санаймыз, сондықтан Қызылорда облысы ТЖД осыған ұқсас іс-шараларды тұрақты түрде жүргізуді жоспарлауда.

