ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ДЕЛЕГАТТАРЫ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ХХVI СЕССИЯСЫНА ҚАТЫСЫП ҚАЙТТЫ
Мемлекет Басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХVI сессиясы өтті. Оған Қызылорда облысынан 25 делегат шақырылды, оның 16-ы ассамблея мүшелері.
Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингке облыстық еврей этномәдени бірлестігінің төрайымы Ли Людмила, "Қазақстанның орыс қауымы" республикалық бірлестігі Қызылорда филиалының төрағасы Владимир Толоконников, Қорқыт ата атындағы ҚМУ "Қазақстан халқы ассамблеясы" кафедрасының меңгерушісі Айтжан Оразбақов қатысты.
- Сессияның осы жылғы тақырыбы қазақстандықтардың өмір сапасын арттыру бойынша ҚР Президентінің 5 әлеуметтік бастамасы талқыланды. Бұл салық жүктемесін азайту, ипотекалық несие алудың қолжетімділігі, жоғары білім сапасын арттыру, шағын несие беруді көбейту және елді газдандыруды қолға алу. Елбасы атап өткендей, тәуелсіздік алған жылдардан бері елімізде 12 мың шақырым автомобиль жолдары және 2,5 мың темір жол жөнделіп, салынды. 1300 медициналық мекеме, 1,5 мың мектеп және 500 балабақша іске қосылды. Стадиондар, мұражайлар, театр және кітапханалар саны артты, - деді Владимир Толоконник.
ҚХА ХХVI сессиясы жылдағы дәстүрмен Қазақстан халқының бірлігі мерекесі қарсаңында өтті. Мемлекет Басшысының 5 әлеуметтік бастамасы азаматтарымыздың әл-ауқаты мен еліміздің гүлденуін, бейбітшілік пен келісімді онан әрі нығайта түседі дейді Людмила Ли.
- Елбасы атап өткендей, Қазақстан дамыған 74 мемлекеттің ішінде 15 орында. Бұл зор нәтиже. Бүгінде Қазақстанды әлем таниды. Олар Астанамызды, Президентімізді біледі. Қазақстан - біздің Отанымыз. Осында 130 ұлт пен ұлыс тату-тәтті өмір сүрудеміз. Біздің елде ешқашан ұлтараздық, діни қақтығыстар болған емес. Бұл - біз үшін мақтаныш. Жетістіктеріміз бен жеңістеріміз халқымыздың бірлігі мен тұтастығының берік іргетасы болып болып табылады, - деді облыстық еврей этномәдени бірлестігінің төрайымы Ли Людмила.