ЖАН ДАУСЫ ЖАҢҒЫРАДЫ ЖЫРЛАРЫНДА
Есімдерін , ерендер мен алыптың
Жазбау керек қағазғадабасқаға ,
Жазбау керек тіптіқара тасқа да,
Жазу керек жүрегінехалықтың! – деп өз жырларыарқылы тұтас алаш жұртының жүрегінен орын алған арқалы Аралдықөр ақын ол Жарасқан Әбдірашев.
Әбдіраштың Жарасқаны сонау 1948 жылы 7- Наурызда көктеңізі бұлқынған айдындыАралдың Аманөткел өңірінде туып өсті. Ол Әбдіраш Үмбетұлы мен Даража Үмбет келінінің тектіұрпағы . Әр тұлғаның балалық шағы туған өңірмен туған даламен тікелей сабақтас .
Туған дала ,
Жаным сенен от алды .
Сен деп білем:
анам,
әкем,
атамды ,
Екеу болып аттанбақпын ертеңге ,
батаңды бер ,
батаңды бер ,
батаңды !... Көк теңізден көкке қарай бет алған ақын осылайша ақ батамен, ақ арманымен ару қалаАлматыға бет алды. 1969ж Қазақ Мемлекеттік университетінің филология факультетінбітірген. Ең алғашқы еңбек жолын «Лениншіл жас» газетініңәдебиет пен өнер бөлімінде бастап кейін «Жалын»альманағының поэзия сын бөлімінде редактор . «Жұлдыз» журналының сын бөлімінің меңгерушісі одан соң «Тамаша»ойын –сауық отауында редактор болып еңбек жолын өткерген.
Әрбір мықты ақын өзі туып өскен өңірдің шебер суреткері . Ақын туындысынан жүректегісезім мен айтылар ой сырын мүлтіксіз аңғарасың . Себебі табиғат пен тарихта өнер мен өлеңге осындай тағдыр бұйырған . Иә, өлеңніңбірден бір тәңірісі басты таразысы ол- уақыт . Уақыт неден қорқады кімгебас иеді ? Уақытқа дауа, бас білдірер бір күш бар ол құдірет суреткер . Ал шын өнерге , шынайы өлеңге бас игізген , бас идірген ол уақыт. Жарасқан ақынның «Уақытқа уәж » туындысынан бір мөлтек сыр.
Табиғат пен бірге тудық туылсақ,
адаммын ғой ,
емеспін ғой қуыршақ...
Таныр едің ,
таныр едім мен сені ,
тыр жалаңаш қатар тұрып жуынсақ .
Қазір сенде ықтияр да, ырық бар,
биле –күйле ,
жүгір –жүйткі,
жүріп қал!...
Сенде маған кіріптарсың бәрібір,
менде саған болсам қандайкіріптар!
Аптығасың алды - артыңды аңдамай ,
ашыласың ,
шашыласың,
таңдамай....
Тірі кездебағалай біл сен мені,
тірі кезде бағаласам мен қалай деп уақыт сынынан мүдірмей өткен Жарасқан ақын не бары 21 жасында КСРО жазушылар одағының мүшелігінеқабылданған .
Бұл буын соғыстан соң туғандар .Сұрапыл соғыстан сүдеріқашқан қазақ даласының жайкүйін өз жанымен сезініп , көзіменкөрген бұл буын . Төрт жыл бойы толассыз соққан ала құйынныңзобалаңын сезінгенде осы буын. Елдің елдік рухынажан берген , жаншылған жүректергеқан жүгіткен қас батырлар өмірін көзбен көргенде осы буын .
Өйткені бізот ішінде өскенбіз.
Өмір үшін өлімгедекөнгенбіз,
Соғыс көрген әкелерден – Жаралып ,
Соғыс көрген аналарды- Емгенбіз. - Жеңген елдің рухты жырын жырға қосқандадар да әділ осы буын өкілдері.
Жарасқан ақынның әр туындысынан отанға , туған жерге, отбасына , перзентке, адал жарға деген ерекшемахабатты адалдықты мүлтіксіз аңғарасың . Бұл адалдық әкенің қаны мен ананың сүтіменбойға даритын ең ерекше адамидаралық . Адамдықтан , адалдықтанаттамаған ақынның жарына дегенең нәзік жыры
Өзіңсің гүлім Нәзігім –
Өмірлік темір қазығым ....
Ақылдым егер түсінсең
ақынмын, Осы жазығым!- деп еркелігі мен қателігін өз жырымен « Мойындау » арқылы жеткізген . Ақынның жарыда осы жырды өзінің бойтұмарындай бағалайды.
Адам ғұмыры , ұрпақтар сабақтастығымен кіндігібіте қайнасып жалғасқанөмір өлшемі . Сол өмір өлшеміндеартыңа қалдырар құнды бір мұрабар ол өз кіндігінен тараған өз ұрпағың. Ол әр адам баласының өзгешебір бағаланбас дарақуанышы . Ал ақын осы жыр арқылыөз қуанышын тұтас елмен етене бөлісті.
Туған дала
сенен өзгесенді кім
Менің еншім дарқандығың ,
кеңдігің
Сүйінші бер
Сүйінші бер
Сүйінші
Ұлды болдым –
ұлды болдым Мен бүгін....
Ол ақынныңтұңғыш ұлы Рүстем Әбдіраш.Рүстем Әбдіраш бүгінгі киноматаграфия саласыныңбелді буыны ,оның қоржынында «Балалық шағымның аспаны», «Дала сенің ұлыңмын » секілді көптенген деректі фильмдеріннің авторы РүстемӘбдіраш Жарасқан Әбдірашевтың бел баласы.
Тарих көшінің ұзақ сапарында әр буынғажүктелетін өзіндік міндет бар . Бұл әркімнің маңдайынабұйырған тағдыр несібесі . Сол міндеттің үдерісінен шыға білуадам атаулының қасиеттіде қастерлі парызы .Ол ата – ана алдындағыперзеттік парыздан да биік . Себебі ол,ел алдындағы азаматтық парыз . Жарасқан ақын перзеттікпарызын да , азаматтық парызын да өлеңмен өрбіткен өжет ақын .
Өмірдің өте шығарқызығы арзан ,
шекері - бекершілік , тұзы жалған .
Өлді деугесияма ойлаңдаршы ,
Өлмейтұғын артында із қалдырған- ақын Жарасқан Әбдірашев өзінің сүбелі ғұмырында сан – салалышығармалар тудырған ақиық ақын . Ақынның өшпейтін өлмейтін өктем жырларықазақ әдебиетінің алтын қорындаөлшеусіз орын алған құнды жәдігер, бұл жырлар ұрпақтан ұрпаққа жалғасып қалары ақиқат. Әр туған өңір өз мықтысымен мақтанады және барыншаұрпақ жадында қалдыруды мақсат етеді. Жарасқан Әбдірашев атындабіздің өңірде мектеп және көше бар. Ақын жырымен сусындаған , ақын рухымен сырласқан бүгінгі буын , ертеңгі ұлы әдебиеттің белді өкілдері. Ақын өзінің рухтыжырлары арқылы ұрпақ жадынан мәңгілік өшпейді және өлмейді.Оған ақынның өткір жырлары кәміл .
Гүлнұр Шаламанова
Арал ауданы