ТАРИХ ТОЛҚЫНЫНДА
Жуырда Қызылорда облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Сыр елі және ХХІ ғасыр» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының аясында «Тарих толқынында» атты облыстық тарихи-өлкетану музейіне танымдық экскурсия ұйымдастырылды.
Шара барысында эколог-өлкетанушы мұғалім мұражай материалдарын кеңінен пайдалана отырып, оқушылармен тікелей іскерлік қарым-қатынас жасай отырып, түсіндірді. Аймақ тарихынан сыр шертетін құнды жәдігерлерімізді таныстырып, тарих беттеріндегі тың мәліметтерімен бөлісті. Сонымен қатар аймағымыздағы қасиетті нысандарды насихаттау мақсатында ұйымдастырылған «Киелі Сырдың қасиетті мұралары» атты фото-көрмесіні тамашалады. Оған Ежелгі Шірңк-Рабат қалашығы (б.з.д. Ү-ІІ), Ортағасырлық Жанкент қалашығы (ҮІІ-ХІ ғ) Ортағасырлық Сығанақ қалашығы (Х-ХІІ ғ.), Оқшы ата кесенесі (Х-ХІ ғ) т.б.
- Мұндай экскурсияларға оқушылардың қызығушылығы ерекше. Бүгін балалар тың деректермен танысып, тарихи мағлұматтарға қанықты. Мұндай шаралардың маңызы зор, - дейді №6 мектеп директорының орынбасары Роза Сақтағанова.