«БІЗДІҢ ТАҢДАУЫМЫЗ – СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ҚОҒАМ!»
Ағымдағы жылғы 9 желтоқсанда Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Студенттер сарайында «9 желтоқсан-Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне» орай, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен «Біздің таңдауымыз – сыбайлас жемқорлықсыз қоғам!» атты кең көлемді акция өткізілді.
Іс-шараға Қызылорда облысы бойынша департаменттің басшысы М.Қарымсақов, Департамент басшысының орынбасары - Тәртіптік кеңес төрағасы М.Оразәлі, аталған мекеме қызметкерлері, «Нұр Отан» партиясының Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ө.Болатбеков, жастар ұйымдары және белсенді студенттік жастар қатысты.
Жастар алдында Департамент басшысының орынбасары - Тәртіптік кеңес төрағасы М.Оразәлі сөз сөйледі.
«Сыбайлас жемқорлық әрбір қоғам үшін өзекті мәселе, ал оған қарсы іс-қимыл жасау Қазақстан Республикасы саясатының маңызды стратегиялық басымдылығы. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың басты жеңісі халықтың сана-сезімінің өзгеруі болып табылады. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда үлкен рөлді жұртшылық - біздің еліміздің азаматтары алу тиіс, себебі сыбайлас жемқорлық қоғамдық көрініс және онымен күресте бүкіл қоғам болып күш салу қажет», - деді.
Акция соңы патриоттық әндер айтылған концертпен аяқталды.