«АСТАНА ЭКСПО-2017» ҰЛТТЫҚ КОМПАНИЯСЫ ТУРИСТЕРГЕ АРНАЛҒАН ЕЛОРДАДАҒЫ ЕҢ ҮЗДІК ЖОЛ БАҒЫТЫН ТАҢДАДЫ
8 желтоқсанда Астанада «Туристерге арналған елордадағы ең үздік жол бағыты» байқауының жеңімпаздарына сертификаттар табысталды. «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы ұйымдастырған байқаудың мақсаты – Халықаралық көрменің қонақтары үшін сапа мен бағаға қойылатын барлық талаптарға жауап беретін Астанадағы ең үздік туристік жол бағытын анықтау. Іс-шара елорданың туризм әлеуетін ашып, осы саладағы ең кәсіби деген компанияларды анықтауға мүмкіндік берді.
Байқауға Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын туристік компаниялардан 19 жоба қатысты. Қазылар алқасының құрамына ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің, Қазақстан Туризм қауымдастығының, «Қазақстанның Индустрияны дамыту институты» АҚ-ның өкілдері және туризм саласындағы еңбегі сінген қайраткерлер кірді.
Туристік жол бағыттарын тексерудің нәтижелері бойынша қазылар алқасы үш жеңімпазды анықтады, олар: «Саят» туристік фирмасы («Ел жүрегі – Астана» автобуспен қаланы шолу саяхаты), «Complete Service» халықаралық туризм компаниясы («Астананың түнгі жарығы» атты Есіл өзені бойымен теплоходпен саяхаттау бағыты), «Круиз» туристік агенттігі («Жас елорда. Бурабай аңыздары. Заман сабақтастығы» саяхаты). Дәл осы компаниялар Қазақстан елордасындағы ең қызықты деген туристік жол бағыттарын ұсынды. Экскурсиялар кезінде туристер Астананың құрылу тарихымен танысып, оның бірегей сәулеттік ғимараттарын, басты көрнекі орындарды, мәдени-тарихи орындарды, мұражай мен театрларды, белгілі қасиетті нысандарды көре алады.
Байқау жеңімпаздары ЭКСПО-2017 көрмесі ұсынатын турлардың базасына енгізіліп, сондай-ақ, Халықаралық мамандандырылған көрмеге дайындалу және оны өткізу кезеңінде туристерді тарту ісіне қатысатын болады.
Осы жылдың желтоқсанының екінші жартысында ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесіне келушілерге арнап Қазақстандағы ең үздік туристік жол бағыттары бойынша тағы бір байқауды өткізу жоспарланып отыр.