ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯСЫНЫҢ БАҒАСЫ 2015 ЖЫЛҒА ДЕЙІН БІРТІНДЕП ҚЫМБАТТАЙ БЕРЕДІ
Электр энергиясының бағасы 2015 жылға дейін біртіндеп қымбаттай береді. Одан кейін арзандауы мүмкін.
Мәжілісте жаңа заң жобасын таныстырған экономикалық даму және сауда министрі Бақытжан Сағынтаев осындай екіұшты жоспарымен бөлісті. Министрдің айтуынша, үкіметтің қаулысына сәйкес тарифтер жылда өзгере береді. Ал, 3 жылдан кейін жаңа электр стансалары салынған кезде жарық құны төмендеуі мүмкін.
Бақытжан Сағынтаев, ҚР зкономикалық даму және сауда министрі:
-Тарифтер бойынша жылда баға көтеріліп отыр. 2015 жылға дейін 1-ші қаңтар күні жылда баға көтеріледі, ол үкіметтің қаулысымен бекітілген. Сол себептен баға өзінің көтерілуін ары қарай жалғастырады.
Заң жобасын қабылдап, күн тәртібі бойынша депутаттар сауал жолдауға көшкенде Төменгі палата спикері әріптестеріне қатаң ескерту жасады. Алғашқы күннен бастап Мәжілістің ішкі тәртібін түбегейлі өзгерткен Нұрлан Нығматуллин бұл жолы депутаттарға артық сөйлемеуді тапсырды. "Төрағаның айтқаны заң" деген халық қалаулылары бұған еш қарсылық білдірген жоқ.
Нұрлан Нығматуллин, ҚР парламент мәжілісінің төрағасы:
-Құрметті әріптестер бір-бірімізді құрметтейік. 5 минут көлемінде сөйлеу регламенті бар. Одан аспау үшін мәтінмен жұмыс істеңіздер. Осыған орай хабарландыру жасаймын. Келесі жолғы пленарлық отырыста берілген уақытқа сыйғыза алмасаңыздар арнайы бағдарлама енгізілді, микрофон өшіріледі.
Еске сала кетсек, бұған дейін NUR.KZ 1-нші сәуірден бастап Алматыда электр энергиясының бағасы көтерілетінін хабарлаған болатын.