«ӨЛЕҢІМ – ӨМІР ДЕРЕГІМ» АТТЫ КЕШ ӨТТІ
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы тарихи мәні бар маңызды құжат қана емес, ол сонымен бірге ұлтымыздың рухын көтеретін бірден-бір озық ойлы мәлімдеме.
Қармақшы аудандық орталық кітапхана ұжымы «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Рухани қазына» кіші бағдарламасы аясында және «Туған өлке мәдениеті, өнегелік құндылықтар» базалық жобасын жүзеге асыру мақсатында «Жауһар жыр» жобасы жасаған болатын.
Жаңа жобаның басым бағытының бірі – аудан тұрғындары мен ақын-жазушылар арасында кездесулер өткізу. Түпкі мақсат – рухани жаңғыру аясында оқушыларды жергілікті қаламгерлер, ақын-жазушыларымыздың шығармаларымен таныстырып, жастарға патриоттық рух беріп, адамгершілік қасиеттерге баулу, ақын өлеңдері арқылы халқына, тілге, Отанға деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту.
Жуырда «Дүниежүзілік кітап және авторлық құқықты қорғау» күніне орай өткізілген «Кітап – уақыттың мәңгілік куәгері» атты кітап мерекесінің бағдарламасына сәйкес ақын қармақшылық Дастан Нәзікбаевтың қатынасуымен «Өлеңім-өмір дерегім» атты сыр-сұхбат кеш болып өтті.
Ел азаматы, белгілі ақынның жыр кешін әдістеме-библиография бөлімінің меңгерушісі Г.Төлегенқызы жүргізді. Ақынға оқырмандар тарапынан сұрақтар қойылып, шынайы өткен сыр-сұхбат кеші әдемі әсерге толы болды.
Рухани кеште ақынның өлеңі оқылып, әндер шырқалды. Ал Дастан Нәзікбаев өзінің өлеңдерін оқыды. Кеш қонақтары «Ұлт бірлігі – Қармақшы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Шегебай Құндақбаев, аудандық Әйелдер кеңесінің төрайымы, аудандық маслихат депутаты К.Раева, «Қармақшы таңы» газетінің тілшісі С.Жаудатбекқызы, ақын және кітап мерекесі жайлы өз пікірлерін білдіріп, жастарды Отанды сүюге, кітап оқуға шақырды.
Шара соңында кітапхана директоры К.Қаниева кітап күні мерекесіне орай оқырмандармен кездесуге келген ақын Дастан Мырзабекұлына, жиылған жұртшылыққа ризашылығын білдірді.
Қармақшы ауданы