ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА ЕСКІ БАКТЕРИОЛОГИЯЛЫҚ ПОЛИГОН ИГЕРІЛЕДІ
2020 жылға дейін эпидемиологиялық талдау аяқталуы тиіс. Мемлекеттік сараптама нәтижесі бойынша полигон топырағының залалсыздығы анықталса, шаруашылық айналымға енгізіледі. Арнайы құрылған ведомствоаралық комиссия сондай-ақ қазақ-өзбек мемлекеттік шекарасын шегендеу мәселесін де қарастырады. Арал теңізі обаға қарсы күрес станциясы кеміргіштер арқылы ғылыми зерттеулер жүргізіп, азаматтардың бұрынғы полигонға баруының қауіпсіз бағытын айқындайды. Ауқымды жоспарды жүзеге асыру жауапкершілігі орталық мемлекеттік органдар және Ақтөбе мен Қызылорда облысының әкімдіктеріне жүктелді.
Ақмарал Әлназарова, ведомствоаралық комиссия мүшесі:
- Қазіргі таңда бактериологиялық элементтер көмілген аумақты қоршауға қаржы бөлу жағы есептелініп жатыр. Осы көктемде әр мемлекеттік органдар бекітілген жоспар бойынша бөлек-бөлек жұмыстарын бастайды.