ЖАС ОТАНДЫҚТАР «ЖАҢА ӘЛЕМГЕ ЖОЛ САЛАМЫЗ» АТТЫ IV СЪЕЗІН ТАЛҚЫЛАДЫ
Арал аудандық мәдениет үйінде «Нұр Отан» партиясы «Жас Отан» Жастар қанатының аудандық бөлімшесінің XI есеп беру-сайлау конференциясы өтті. Конференцияның күн тәртібінде «Жас Отан» Жастар қанаты Арал аудандық бөлімшесінің 2018 жылдың I-жартыжылдығында атқарылған жұмысы туралы есебі, «Жас Отан» Жастар қанаты Арал аудандық бөлімшесінің басшысын қайта сайлау және «Нұр Отан» партиясы «Жас Отан» ЖҚ-ның «Жаңа әлемге жол саламыз» атты IV Съезін талқылау туралы мәселелер қаралды. Конференцияның кезекті отырысына «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Т.Қанатов, партия филиялының саяси кеңесінің мүшелері, бастауыш партия ұйымдарының жетекшілері, мекеме басшылары, аудандық жастар ресурстық орталығы, «Жас Отан» жастар қанаты және БАҚ өкілдері қатысты.
Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе бойынша «Жас Отан» жастар қанатының Арал аудандық бөлімшесінің 2018 жылдың I жарты жылдығында атқарған жұмысы туралы Ә.Тоқтамысов баяндама жасады. Одан әрі, ауданымызға арнайы іс-сапармен келген «Жас Отан» жастар қанаты Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Т.Оспанұлы сөз алып, «Нұр Отан» партиясы «Жас Отан» Жастар қанатының «Жаңа әлемге жол саламыз» атты IV сьезінде қаралған мәселелермен бөлісті және жас буынға білім алу жолында шаршамай еңбектенуді, жаңа технологияның дамыған заманында қатардан қалмауды баса айтты. Сонымен қатар, конференция барысында «Жас Отан» жастар қанаты Арал аудандық бөлімшесінің басшысы қызметіне Әбілбаев Абай Сәкенұлы тағайындалды.