КӘСІПКЕРЛІК САЛАСЫНЫҢ ДАМУЫ ҚАРҚЫНДЫ
Қай сала болмасын қазіргі на¬рықтық экономикада кәсіпкер¬лік¬пен біте қайнасып жатыр. Оның үстіне, облыс әкімінің бастамасы¬мен биыл облыста «Жаппай кәсіп¬керлікті қолдау жылы» жарияланды. Қаржылай қол¬дауға барынша басымдық берілуде. Осы орайда жалағаштықтардың тіршілік тамыры негізінен ауыл шаруашылығымен сабақтас. Сондықтан бұл салада аудан еңбеккерлерінің тәжірибесі қалыптасқан, табысты еңбек етіп келеді. Дегенмен, ауданда өндірілген өнімді өңдеу технологиясын қолға алу қажет. Ауыл шаруашылығы саласында қанша өнім өндірілгенімен, оны нарық талабына сай өңдеп, өтімді тауарға айналдыру мәселесі жолға қойылмаған.
- Биыл аймақта жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағытындағы облыс басшысының қолдауын тиімді пайдаланып, ауданда көкөніс-бақша өнімдерін өңдейтін, күріш қалдығынан құрылысқа қажетті бұйымдар шыға¬ратын өндіріс орындарын ашуды жоспарлап отырмыз. Дәлірек айтсақ, Германия технологиясы негізінде күріш қалдығынан құрылыс бұйымын жасау жобасы жүзеге асырылатын болса, жылына 4 мың тоннаға дейін күріш қалдығын өңдеуге мүмкіндік туады. Ал көкөніс-бақша өнімдерін жаратудың көптеген әдістері бар. Тек жүйелі жұмыс қажет. Бұл жобалар бойынша келіссөздер жүргізіліп жатыр. Сәтін салса, аудандағы «Серпін» өндірістік аймағында жұмыстарын бастайтын болады, - дейді аудан әкімі Қайратбек Сәрсенбаев.
Өзіңіз білесіздер, ауылдық ¬жерде жұмыс көзі тапшы. Бірді-екілі ғана бюд-жеттік мекеме бар. Шаруашы¬лықта жұмыс жасайтын¬дардың өзі жылдың жарты мезгілінде бос болады. Сондықтан ауылда кәсіп көз¬дерін ашуға көбірек көңіл бөлуіміз қажет. Бұл мақсатта әрбір ауыл әкіміне кәсіпке ынталы азаматтарға мемлекеттік бағдарламалардың бағыт-бағдарын кеңірек түсін¬діріп, кемінде бес жоба әзірлеп, енгізу тап¬сы¬рылған. Сонымен қатар, әр елді мекенде жылыжай салу бастамасын қолға алып отыр. Ауданда жылдан жылға мал басы көбейіп, ет, сүт өнімдерінің де көлемі артып келеді.
Айта кетейік, өткен жылы шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мақ¬сатында мемлекеттік бағдарла¬ма¬лар аясында жалпы құны 1 млрд. 408,4 млн теңгені құрайтын 174 жоба қаржы¬ландырылды. Жыл қоры¬тындысы бойынша ауданның кәсіп¬керлік саласында 1131 млн тең¬генің өнімдері өндіріліп, бюджетке 103 млн теңге салық түсті. Сонымен қатар, ауданда кіші кәсіпкерліктің баяу дамуы ескеріліп, 2015 жылы облыс әкімінің қолдауымен «Жалағаш ауданының экономика салаларын дамы¬тудың 2015-2017 жылдарға ар¬налған Жол картасы» бекітілген болатын. Жол картасы бойынша 3 млрд 710 млн теңгенің 32 жобасын іске асыру жоспарланып, 603 жұмыс орнын ашу көзделген. Өткен жылы осы 32 жобаның басым бөлігі аяқталып, 569 жұмыс орны ашылды. Ал биылғы жылдың 1 наурызына ауданның кәсіпкерлік саласында 256,4 млн теңгенің өнімдері өндіріліп, бюд¬жетке 95,7 млн теңге салық түсті. Сондай-ақ, биыл 2358 шағын кәсіп¬керлік субъектісі тіркелген болса, өткен жылмен салыстырғанда 156 субъектіге артып отыр. Жалпы бұл салада 8547 адам еңбек етеді.