ҚАЗАҚСТАННЫҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТТЕРІ МЕН БАҚ-ТАРЫ, БІРІГІҢДЕР!
Қазақстанда мемлекеттік мекемелердің баспасөз қызметтерінің де, ірі компаниялардың және барлық журналистердің де жұмысын айтарлықтай жеңілдететін интернет-портал ашылды. Бұдан былай өңірдегі баспасөз-хатшылары мен БАҚ-тардың ақпаратты алып және таратудағы мүмкіндігі елордалық әріптестерімен теңеседі.
Басқа салаларды қайдам, бірақ маған кейде журналистикада жақында проблемалардан басқа түк те қалмайтын сияқты болып көрінеді. Әсіресе, мен қандай да медиалық форумда әріптестерімнің пікірлерін тыңдағанымда әр өңірдің БАҚ-тарының бытыраңқылығы, қызықты тақырыптардың жоқтығы, жаз маусымындағы ақпарат тапшылығы (бұл осыншама орасан елде осындай ойға жетелейді. Өкінішке қарай, осының бәрін қалай түзеу керектігі туралы өте көп айтылады, нақты атқарылған шара әзірге көп емес...
Жігіттер, тату өмір сүрейікші!
Егер журналистерден оларға қатысты проблемаларды кім тудырады деп сұрасаңыз, басым көпшілігі «баспасөз қызметтері» деп жауап береді. Таңғаласыз. Шын мәнісінде журналистер мен баспасөз-хатшылар бірге үлкен әрі маңызды іс атқаруда – оқырмандарға ақпаратты тез және дәл жеткізуге тырысуда. Бірақ іс жүзінде олар бір-біріне жиі өкпелейді: журналистер ақпараттық парақшаларды дер кезінде алмағанына, баспасөз қызметтері – осы ақпараттық парақшаны дайындаудың орнына журналистердің осы хабар қашан дайын болады деп сұрап, жиі шалатын қоңырауларына жауап берулеріне мәжбүр.
«Журналистер мен баспасөз қызметтерінің қайшылықтары сияқты мәселе бұдан былай болмайды, – дейді «ic24.kz» Ақпараттық орталығы жобасының бас директоры Ерлан Рамазанов. – Егер маңызды бір оқиға бола қалса, журналистерге ақпарат шұғыл керек болады. БАҚ-тар көп. Және әр журналист баспасөз-хатшысына телефон шалады. Бұл ақпараттық парақша дайындау жұмысын тежейді. Егер сізге минут сайын телефон шалып жатса, тез арада мақаланы жазып, редакторға ұсынып көріңізші. Баспасөз қызметі алаңдамай, ақпараттық парақшаны дайындап, оны ақпараттар орталығына орналастырысымен барлық журналистерге хабар дайындығы және онымен жұмыс істеуге болатындығы туралы құлақтандыру келсе, қанша уақыт үнемделер еді?».
Бұл баспасөз қызметтерінің жұмысын жеделдетіп қана қоймайды, журналистер де телефон шалу сияқты ұсақ-түйектерге алаңдамай, тыныш қана мақаланың ақпарат жиналған бөлігін жазуына болады.
Оған қоса қызықты тақырып іздеп, үнемі ресми веб-сайттарды тексеріп отырудың да қажеттігі болмай қалады.
«Маған диалогтық алаң туралы кездейсоқ айтқан жоқ еді, – дейді Ерлан Рамазанов. – Журналистер мен баспасөз қызметтері өзара проблемасыз қарым-қатынас жасай алады. Бір нәрсені талқылау үшін керек журналисті табу және онымен телефон арқылы байланысу оңай ма? Ал егер ол облыстық БАҚ-тан болса ше? Елордалық әріптесінде оның телефон нөмірі мен электрондық пошта адресі табыла қояр ма екен? Тілшінің өзіне жеке хабар жазу немесе баспасөз қызметіне сауал салу әлдеқайда оңай».
Баспасөз хатшылары үшін журналистер¬мен көбірек хабар алмасу тиімді. Баспасөз қызметінде істеген адам оны біледі. Ақпараттық парақшаны мінсіз дайындап, оны барлық таныс журналистерге салып, өз ісіңді жақсы атқаруға тырысуға болады, бірақ қорытындысында жарияланым онша көп болмай шығады. Ал баспасөз хатшысының жұмысы, өкінішке қарай, ақпараттық парақша және өткізген шаралар санымен емес, ақтық нәтиже – ол туралы жазған БАҚ санымен бағаланады.
«Көбіне ақпараттық парақшалар өңірлік БАҚ-тар үшін қолжетімсіз болып қалады. Кейде Алматы мен Астананың ірі басылымдары қандай да себептермен өздеріне керек ақпараттарды ала алмай қалады. Мұның арты басылым мен баспасөз хатшысы арасындағы өкпеге ұласып жататыны тағы бар. Одан барлығы да ұтылады – журналистер де, баспасөз хатшылары да, оқырмандар да.
Не істеуге болады? География мен журналистер пулын кеңейту керек. Бірақ оны өз бетіңізше іске асыру үшін орасан зор жұмыс атқаруыңыз керек. Ең өкініштісі, осындай кезде осы атқарылған жұмыстың барлығы компания немесе меморган басшылығының «көзінен таса қалатыны». Баспасөз хатшысынан нәтижені жақсарту талап етіледі, ал ол оған қандай күш-жігер жұмсауы керектігі ешкімді де қызықтырмайды. Құрметті баспасөз хатшылары, өздеріңізді сақтаңыздар, ең қарапайым және тиімді жолды таңдаңыздар!
Мекен ететін арал
Менің елордалық әріптесім бірде мынадай проблемаға ұрынды: бір облыс орталығынан шұғыл түрде ақпарат алу керек болды. Шенеуніктердің телефондары жауап бермеді, сайттардағы жаңалықтар ең жақсы дегенде өткен тоқсандыкі болды, ал ол жақтағы жалғыз таныс журналистің телефоны үнемі өшірулі тұрды.
«Ондағылар өзі тірі ме?! Әлде Стивен Кинг уақыт пен кеңістікті жейтін лангольерлерді ойлап таппаған шығар, олар сонда мекен ететін шығар?!», – деп ашуланды танысым.
Әрине, әріптесімнің айтқанында әзілдің де уыты бар, бірақ басқа өңірлердің БАҚ-тарымен хабар алысу – ол шынымен де үлкен проблема.
Кез келген редактор өңірлерден меншікті тілшілерді табу қиын екенін айтады. Ол үшін аймақтық БАҚ-тарды білу керек. Ал олардың көбінің интернетте өз сайттары жоқ. Ал не істеу керек? Өңірлерді аралап, өзіңіз адам іздеуіңіз керек пе? Бұған қанша уақытыңызды сарп етесіз, сіз жоқта басылымыңызға кім қарайды? Келешек меншікті тілшілердің өздеріне де оңай емес. Өз өңірінде ол атақты автор бола тұра елордалық басылымдар үшін мүлдем беймәлім болып қалуы мүмкін. Ондай кезде ол өзінің кәсіби жарамдылығын қайтадан дәлелдеуі тиісті.
«Ешкімге ешнәсе дәлелдеудің қажеті жоқ, – дейді Ерлан Рамазанов. – Ақпарат орталығында жеке кабинет ашыңыз, сонда өз материалдарыңызды орналастырыңыз – олар резюме мен сізді тілшілікке ұсынған хаттардан гөрі сіз туралы көп нәрсені білдіреді. Оған қоса біз сізді Алматы мен Астанадағы баспасөз мәслихаттарына, ал кейін – еліміздің басқа өңірлеріне де шақырамыз».
Бірақ, виртуальды түрде! Бірақ бәрібір бірде-бiр редактор өзінің тілшісін аптасына бірнеше рет іссапарға жібермейді. Әзірге, өңірлік журналистер үшін Алматы мен Астанада баспасөз мәслихаттары туралы аңдатпаны көргенде, ол туралы әріптестері не хабарлар екен деп күту ғана қалады. Тіпті елордалық БАҚ-тарда да күтпеген жағдайлар туындайтын кез болады. Қызықты шара бар, ал жіберетін ешкім жоқ – барлық тілшілер басқа тапсырмалармен кетіп қалды. Осы кезде «Зымыраған уақыт, тоқташы!» деп айқайлағыңыз келеді, бірақ одан түк те шықпайды. Баспасөз мәслихатын кейінге шегеруге болмайды, өткенге оралуға, жіберіп алған оқиғаға қатысу мүмкін емес.
«Бірақ бейнежазбаны көруге болады, – деп жұбатады Ерлан Рамазанов – Егер журналист басқа қалада болса, ол онлайн трансляцияны көре алады. Егер ол оны уақытылы істей алмаса, бейнежазуды көре алады. Ол аз десеңіз, біз өңірлерде өтетін баспасөз мәслихаттарын да трансляциялай аламыз, оған техникалық мүмкіндік жетеді»
Осындай тақырып бар
Кез келген журналистің басында болатын оқиға: – 5-10 минуттан соң газетті жоспарлау басталады, ал тақырып жоқ. Шын мәнісінде тақырыптардың таусылмас көзі – әріптестеріңіз. Тіпті олардың өздері емес, олардың басылымдары. Неғұрлым көп басылымдарды қараған сайын соғұрлым көп тақырып тауып алуға болады. Бүкіл редакцияға жетеді. Оны оқып шығарлық уақытыңыз болсын деңіз.
Сөзсіз, жоспар-кеңеске дайындық барысында көптеген таңғаларлық нәрселерді білуге болады. Байсалды деген ресурстарда Марста қайтадан iPhone-52 құндағы табылыпты, джунглида әйел тоғанда шомылған екен, кейін құрбақа туыпты, біздің жер шарының ерекше лас қалаларының үстінен үлкен шаңсорғыштар ұшып жүретін болады деген сияқты елуге тарта тақырыптарды оқып шығып, миыңыз қатып қалады. Ғалымдар оны ақпараттық ластану деп атайды.
Осыған жауап ретінде Ерлан Рамазанов бәрін бірдей оқи бермей, әр түрлі басылымдардан маңызды және қызықты деген жаңалықтарды қарап шығуды ұсынды. Ең тамашасы – ақпараттық қоқыстан азат сайт.
«Бұл қоқыс емес. Ақпараттық таспаның толықтығы туралы бұлай деуге болмайды. Барлығы үшін маңызды, қызықты ақпарат бар да, оқырмандардың белгілі тобына қызық болатын ақпараттар болады. Егер сіз қандай да құпия және жұмбақ әлем туралы бағдарлама жасайтын болсаңыз, онда сізге Марс пен құрбақалар керек. Бірақ сізге мүлдем басқа ақпарат – оқиға, экономика, даулы сот істері қажет болса сондай таспаны оқуыңыз керек. Біз ондай жаңалықтарды арнайы іріктеп алып, өзіміздің таспамызға саламыз. Сонда журналист жоспар-кеңестің алдында бір сәт осы сайтқа кіріп, еліміз бен әлемде не болып жатқаны туралы хабардар болып отырады.
Бұл таспа – журналистер үшін жаңалық¬тар агрегаторы емес, генераторы. Ерлан Рамазановтың пікірінше бұл жерде түбегейлі айырмашылық бар.
«Жаңалықтар агрегаторы басқа БАҚ-тардың ақпаратын қайдан алынған сілтемесін көрсетіп толығымен басады. Редакциялардың өздері бұған сайттың төменгі жағында немесе әр жаңалықтың астында белгі салып, басылымға сілтеме жасаған кезде ғана қайта басуға рұқсат береді. Бұл брендтің танымалдығы мен сілтеме жасау индексіне, жарнама құнына жұмыс жасайды, – дейді Ерлан Рамазанов. – Біздің міндетіміз мүлдем басқаша – біз қай жерден де қызықты және маңызды ақпарат тауып, ол туралы журналистерге хабарлаймыз. Бірақ ол біздің жұмысымыздың бір ғана бөлігі. Екіншісі – әріптестерді гигабайттаған ақпараттарды қопарып, қайталап оқып отырудан азат ету. Біз қысқаша жаңалықтың мәнін хабарлаймыз және толық мәтінге гиперактивті сілтеме жасаймыз. Басылым үшін ол дегеніңіз танымалдығы мен сілтеме көп жасайтындығын ғана емес, сайтқа кірудің артқанын аңғартады. Себебі біз егжей-тегжейін білу үшін журналисті ақпарат көзіне сілтейміз ғой. Біздің ықшамдап жазған хабарымызды оқып, журналист, бұл тақырып оған жарайтынын және ол осы тақырыппен келешекте жұмыс істегісі келетінін-келмейтінін өзі шешеді. Ал жарнама беруші келісімге қол қою мәселесін шешудің алдында сайттың танымалдығына, сайтқа кіру есептегішіне қарайды».
Оқырмандар хаты
Меніңше, осы айдар кеңестік дәуірде журналистерге қызықты тақырыптарды тауып алу жұмысын жеңілдету үшін ойлап табылса керек. Ал қазір, интернет пен басқа да технологиялар ғасырында, ескі идея жай ғана жұмыс істемей, дамып та отыр.
Таңғаларлығы – қазір, «әркім өзіне тілші» бола алатындығында емес, қазір қаптап хат алып отырған замандағыдан осы ақпаратты тауып алып, жүйеге келтіру күрделі бола түскендігінде. Блоктарда, әлеуметтік желілерде, бейнехостингтерде әдетте орналастырылған күні көрсетеледі. Бұл ретте назарға іліккен оқиғаларды барлық кезде де жазу қолдан келмей жатады, себебі ол оқиғаның қашан, қайда орын алғаны белгісіз болып келеді. Бәлкім, ол қазір ғана орын алған шығар, бәлкім біреулер 4 жыл бұрынғы ескі файлдарды тазалап жатып, көпшілікпен бір нәрселермен ой бөліскісі келген шығар.
«Біз журналистермен жұмыс істеп отырғандықтан оларды жұмыс істеуге дайын материалдармен қаматасыз етуіміз керек – шынымен де қызықты оқиғаларды іріктеп алып, олар қашан және қайда орын алғанын хабарлауымыз керек», – дейді Ерлан Рамазанов.
Одан басқа, ақпараттар орталығы азаматтарға редакциялардың табалдырығын тоздырмастан-ақ өздерінің проблемалары туралы журналистерге хабарлауына мүмкіндік береді. Азаматтар сайтқа өздерінің проблемасы туралы жазса болды, оны ондаған, жүздеген журналист оқиды. Әрине, психикалық тұрғыдан ден сау емес азаматтардың шағымдары «фейс-бақылаудан» өте алмайды.
«Қарапайым халықтың, болған оқиға куәгерлерінің жазғандары тек БАҚ үшін ғана керек емес. Олар меморгандар үшін де маңызды, – деп сенеді Ерлан Рамазанов. – Не болып жатқанын толығымен бақылап отыру мүмкін емес. Бірақ оған сауатты әрекет шараларын қабылдауға болады. Айталық, бір жерде сапасыз үй салынып жатыр делік. Құзыретті орган ол проблема туралы әлі бейхабар. Ал журналистерге ол туралы хабарланған соң, олар өздерінің баспасөз қызметтері арқылы осы ақпаратты алып қана қоймай, осы ақпараттар орталығында қабылданған шаралар нәтижесі туралы хабарлай алады. Азаматтар үшін жақсы – проблема шешілді. Мекеме үшін де жақсы – олар одан да елеулі проблемалардан құтылды және өз имиджін айтарлықтай сақтай алды. Журналистерге де жақсы – екі жаңалықты, алдымен жағдайды кейін оған байланысты қорытындыны хабарлауға болады».
«Қазақстандық БАҚ пен баспасөз қызметтерінің, оның ішінде өңірліктерінің әлеуеті зор, – деп сенеді Ерлан Рамазанов. – Оны бар болғаны ел игілігі, қарапайым қазақстандықтар – біздің оқырмандар игілігі үшін мейлінше тиімді пайдалану керек. Біздің барлығымыз солар үшін қызмет етеміз. Бұдан былай – біздің барлығымыз біргеміз».