ОТАНДЫ ҚОРҒАУ БОРЫШЫМ!
Қызылорда облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің қызмет бастығы, заң консульты, капитан Н.Ильясов ҚР Қарулы Күштеріне қарасты Гвардейск кентіндегі 21450 және Ақтау қаласындағы 25744 әскери бөлімдеріне жолданған сарбаздарға «Әр сарбаздың парызы мен міндеті» тақырыбында дәріс оқыды.
Дәрісте әскери бөлімдердің рота, взвод командирлерінің тапсырмаларын бұлжытпай орындауды, белгіленген тәртіп бойынша әскери жарғылардың ережелерін сақтауды, денсаулыққа зиян келтіретін заттардан аулақ болуға шақырды.
– Сарбаздардың ата-аталарына мерзімді әскери қызмет қатарына шақыруға қатысты жергілікті әскери басқару органдарының қызметкерлері немесе басқа да тұлғалардан сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқықбұзушылық байқалған жағдайда, облыстық жиын пунктінде ілінген жоғарғы басшылық құрамының және ҚР Қорғаныс министрлігінің сенім телефондарын жеткізіп, барлық кезеңде «қауырт желі» жұмыс жасайтын айтты. Онда жауапты лауазымды адамдар түсіндірме жүргізіп, азаматтардың барлық қызықтырған сұрақтарына 8 (7172) 72-13-83 және 72-16-06 хабарласуларына болады, - дейді капитан Н. Ильясов.
Қызылорда облысы қорғаныс істері жөніндегі департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, облыстан «Көктем-2018» мерзімді әскерге шақыру науқаны барысында биыл 800-ден аса азамат Отан алдындағы борышын өтеуге шақырылады. Ал сарбаздарды ҚР Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарына жіберу жұмыстары наурыздың 15 мен маусымның 27-сі аралықтарына жүргізіледі.
Алдымен, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметіне қарасты Алматы, Үшарал, Сарығаш, Қордай өңірлеріне 200-ге жуық Сыр елінінің азаматы әскер қатарына аттанды.
Айта кетейік, ҚР Қарулы Күштеріне қарасты әскери бөлімдерге сарбаздарды жіберу шарасы 15 сәуірден бері ұйымдастырылуда.
Комментарии 1