ЕЛІМІЗДІҢ БАСЫМ БӨЛІГІНДЕ КҮН РАЙЫ ҚҰБЫЛМАЛЫ БОЛАДЫ
Қазақстанның солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында және орталығында атмосфералық ағындардың өтуінен күн райы құбылмалы болады, кей жерлерде найзағай ойнап, жауын жауады, жел күшейеді, тұман түседі деп күтілуде, күндіз республиканың шығысында бұршақ жаууы мүмкін, деп хабарлайды BNews.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
Қарағанды, күндіз Оңтүстік Қазақстан облыстарында кей жерлерде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ке дейін күшеймек. Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, екпіні 25 м/с-ке дейін жетеді, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Павлодар облысында кей жерлерде жылдамдығы 15-20 м/с жел соғып, күндіз бұршақ жаууы ықтимал.
Ақмола облысының кей жерлерін тұман басады, 15-20 м/с жел соғады. Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында кей жерлерде тұман түседі деп күтілуде. Ал күндіз Батыс Қазақстан облысында аптап ыстық болады деп болжанған. Республиканың оңтүстігінде, батысында, солтүстік-батыстың, оңтүстік-шығыстың және орталықтың кей жерлерінде жоғары өрт қаупі сақталады.