ЖАҢА ГУМАНИТАРЛЫҚ БІЛІМ. ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ 100 ЖАҢА ОҚУЛЫҚ
Қазіргі әлем Төртінші өнеркәсіптік революция дәуіріне, яғни экономикалық, технологиялық және әлеуметтік салалардағы терең және қарқынды өзгерістер кезеңіне қадам басуда. Жаңа технологиялық қалып, біздің қалай жұмыс істейтінімізді, азаматтық құқықтарымызды қалай іске асыратынымызды, балаларымызды қалай тәрбиелейтінімізді түбегейлі өзгертетіндігін Елбасымыз «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты жолдауында атап өтіп, төртінші өнеркәсіптік революция дәуіріндегі бүкіл жаңғырудың негізі - адам капиталы екендігін баса айтқанын білісіздер.
Қазіргі төртінші өнеркәсіптік революция дәуірінде ғалам қарыштап дамуда, әлемдегі экономиканың, өндірістің, адамзаттың ақыл-ойының дамуы ерекше дей келе, Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» деген бағдарламалық мақаласында алты үл¬кен жобаны атады. Сол жобалардың бірі – «Жаңа гуманитарлық білім: қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы.
– Жаңа гуманитарлық білім дегенде, Елбасының мақаласында ғылымның жеті бағыты атады. Ол философия, әлеуметтану, психология, мәдениеттану, тарих, филология және саясаттану. Бұлардың қай-қайсысы да адамның жеке тұлға және маман ретінде қалыптасуына зор ықпал ететін білім салалары. Олар қоғамдағы азаматтық ұстаным, моралдық құндылық, ар-ождан негіздерін қалайды. Адамның өзіне, айналасына, елге деген көзқарасын қалыптастырады. Біз дүние жүзіндегі ғылым мен білімнің мазмұнына жол ашу арқылы ілгері дамыған қоғамдардағы осындай көзқарас және ұстанымды қалыптастырудың құралдарымен жақын танысуға мүмкіндік алдық. Мақсат – ол білімді айна-қатесіз көшіріп алып, соған илану емес. Біз әлемнің қалай ойлап, нені құнды, нені дұрыс, нені бұрыс деп білетінін ескере отырып, өз бағытымызды анықтауда қателеспей, өзіміздің қазақстандық жолымыздан жаңылмауымыз қажет.
Білім саласындағы жаһандық бәсекеге не¬ғұрлым бейімделген мамандарды даярлау – болашаққа жасалатын ең басты бағдар дейтін болсақ, әлемдегі таңдаулы 100 оқулықты Ұлы дала елінің тілінде сөйлету әрине құптарлық дүние болды.
Аталмыш жобаның әлемдегі таңдаулы оқулықтарды қазақ тіліне аударып, оқу үрдісіне енгізіп, ең бастысы жастардың гуманитарлық салаға деген қызығушылығын арттыра түсетіні белгілі. Бұл ұлттық болмысымызды сақтап қана қоймай, одан әрі дамыта отырып, әлемдік өркениет көшіне ілесудің алғышарттары.
Жаңа оқулықтар арқылы біз қазақ ауди¬торияларындағы талқының мазмұны мен деңгейін көтереміз. Сол арқы¬лы жалпы гуманитарлық білімнің маз¬мұны мен сапасы мүлде жаңа деңгейге шығуы тиіс. Өйткені әлемдік гу¬ма¬нитарлық ғылым қазақ тіліне мұн¬дай көлемде ешқашан аударылған емес. Енді бұл оқулықтарды ертең оқу бағдарламасына қалай енгіземіз? Осыған орай оқытушылардың жұмысы қалай өзгеруі керек? Қазақы интеллектуалды, гума¬ни¬тарлық ғылыми орта, оқытушылар мен студенттер бұл жобаға өздерінің күнделікті өміріне, ертеңіне тікелей қатысы бар мүмкіндік деп қарауы керек.
Жобаны іске асыру арқылы, қазақ тілін дамытып, гуманитарлық салалар бойынша оқитын студенттердің заман талабына сай білім алуына жағдай жасалынады. Біздің оқу орындарындағы білім беру мазмұны мен академиялық талқы деңгейі әлемнің іргелі ғылыми орталықтарының деңгейіне шығады.
Кеңестер заманында гуманитарлық ғылымдар, қоғамның саяси-идеологиялық құралы болғаны белгілі. Зиялы ортаның көзқарастары мен құндылықтарына ықпалы зор осы білім салалары, бізде әлі күнге дейін ескі сарыннан арыла қойған жоқ. Жоғары оқу орындарындағы студенттердің 70 пайызы қазақ тілінде оқиды деп қуанамыз, ал олардың не оқып жүргендеріне енді ғана ден қоя бастаған сияқтымыз. Мұның сыртында, бұл оқулықтар қазақ тіліндегі гуманитарлық біліммен бірге қазақ тілінің өзін де өрге тартатын бастама деп білуіміз керек.
Жоба аясында көтерілген тағы бір мәселені айта кету орынды. Соңғы жылдары жоғары оқу орындарында гуманитарлық ғылымдарға көзқарас өзгеріп, оқу жоспарларындағы тарих, саясаттану, әлеуметтану, философия, психология, мәдениеттану сияқты дербес салалар оңтайландыруға ұшыраған болатын. Бұл үрдіс гуманитарлық пәндердің оқу сағатын қысқартуға, олардың мәні мен маңызын төмендетуге әсерін тигізгені жасырын емес. Осыған байланысты ғалымдар мен оқытушылардың арасында көңіл толмаушылық та орын алып келді. Елбасының гуманитарлық білімге қатысты осы тікелей бастамасы жоғары білім саласындағы аталған олқылықтардың орнын толтыратын болады. Өйткені жаһандық деңгейде бәсекеге қабілетті болуда гуманитарлық білімдердің алатын орны зор. Ол үшін шет тілдердегі жоғары сапалы оқулықтар мен ғылыми әдебиеттердегі маңызды ақпаратты түпнұсқадан алу қажет.
Жоба барысында 800 ден аса оқулықтар тізімі жасалып, «Ұлттық аударма бюросы» алдыңғы қатарлы ЖОО-мен бірлесе отырып, алғашқы 18 оқулық аударылып, баспадан шығарды. Енді әрбір оқулық 10 000 дана таратылыммен басылып, еліміздің барлық оқу орындарына тегін таратылатын болады.
Аударылған оқулықтарды таңдауда «Ең алдымен, оқулық дүниежү¬зіндегі ал¬дыңғы қатарлы 100 университеттің бағдарламысында болуы, Екіншіден, бұл оқулықтар кемінде үш рет баспа жүзін көруі тиіс болған. Ал таңдап алынған оқулықтардың алды он рет қайта басылып шыққан екен. Үшіншіден, соңғы үш жылда оқулық студенттер үшін де, оқытушы мамандарға да қажетті, таптырмас оқу құралы болуы керек. Демек заманауи талаптарға сай болмаса, ол оқулықтың қажеті шамалы деген сөз.
Елбасы үнемі атап көрсетіп жүр¬гендей, аудармашылар, жа¬ңа терминдерге балама іздеуде қара¬байырлыққа ұрынбай; ұғымдар мен түсініктерді халықаралық ғы¬лы¬ми және кәсіби лексикадан алшақ¬татпай, мағыналық сәйкестігін сақ¬тай отырып мазмұнға нұқсан келтірмей, грам¬матикалық құрылымдарды мей¬лінше жеңілдетуге баса назар аударылғандығын айтады.
Жаңа оқулықтар – эксклюзивті гуманитарлық кітапхана. Демек бұл оқулықтар көпшілік үшін кітап түрінде, электрондық онлайн нұсқасында және үздік лекторлардың ашық дәрістерінің видеотекасы сияқты үш форматта қол жетімді болады. Алдағы уақытта Кітаптар латын қарпінде басып шығарылғаннан кейін, оларды шетелде тұратын жастарымыз да оқи алатын болады.
Оқулықтар гуманитарлық саланың жоғарыда аталған философия, әлеуметтану, психология, дінтану, мәдениеттану, тіл білімі, антропология, экономика, менеджмент және кәсіпкерлік бағыттарын қамтыған.
Бұл кітаптар әлемнің 42 елінде, 34 тілде басылып, жалпы таралымы 47 миллионнан асқан екен. Мұндай оқулықтарды мемлекеттік бағдарлама аясында аударып, те¬гін тарату – әрине әлемде баламасы жоқ тәжірибе. Бұл деңгейдегі бір оқу¬лық¬ты құрастырып, баспаға дайын¬дау құны 500 мыңнан 3 миллион дол¬ларға дейін жетеді екен. Сондықтан да оқу¬лықтардың бағасы әдетте өте жоғары. Мәселен, профессор Мэн¬кью¬дің «Экономикс» атты оқулы¬ғын америкалық студенттер 280 до묬ларға сатып алатын көрінеді. Енді бізде осы оқулықтар үш форматта таралуы негізінде көпшілікке қол жетімді болады.
Жаңа оқулықтар білімнің нағыз энциклопедиясы болып саналады. Жарық көрген 18 оқулыққа тоқтала кетсек, Философия саласы бойынша 4 оқулық, Әлеуметтану бойынша 2 оқулық, Психология бойынша 3 оқулық, Экономика бойынша 1 оқулық, Кәсіпкерлік бойынша 1 оқулық, менеджмент бойынша1 оқулық, Дінтану бойынша 1оқулық, Лингвистика бойынша 2 оқулық, Антропология бойынша 1 оқулық, Медия бойынша 1, Инновация бойынша 1 оқулық: Клаус Швабтың «Төртінші индустриялық революция». оқулығы қазақ тіліне аударылған.
Н. Назарбаев «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында шығарылған кітапты таныстыру рәсіміне қатысып, рәсім соңында Қазақстан Үкіметі мен Ұлттық аударма бюросына бірқатар нақты тапсырма берді. Соның ішінде, Елбасы үштілділік қағидатын сақтаудың маңыздылығына тоқталып, биыл бірнеше шетелдік оқулықты орыс тіліне де аудару мәселесін қарастыруды тапсырды.
Бақытжан Сайлыбаев
Қызылорда педагогикалық
жоғары колледжінің директоры