БОЛАШАҚҚА ЖОЛ АШАДЫ
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласында айтылған «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жалғасын тауып жүзеге асырылып жатқандығы қуанарлық жайт. Әлемдік ірі мемлекеттермен иық түйістіре бастаған сәтте елді танытатын ұрпақтың озық ойлы, білімінің терең болуына,келешектің көкжиегін көре білуге ұмтылуына жол ашатын бұл оқулықтардың берері мол екені даусыз.
Білімнің, ғылымның озық жетістіктерін меңгеру үшін әлемдік деңгейдегі саясаттанушылардың, әлеуметтанушылардың, мәдениетттанушылардың еңбегін оқып үйрену біздің жеткіншектеріміздің ой-өрісінің әлемдік деңгейге көтерілуі үшін аса қажет. Елбасының бұл бастамасы ұстаз қауымы мен ата-аналар арасында үлкен қолдау тауып жатыр.Екінің бірінің қолына түсе бермейтін оқырманы шексіз бұл оқулықтардың келешек ауыл кітапханаларының да кітап сөрелерінен орын алатындығы болашаққа деген сенімімізді нығайтады.
Тәржімаланып жатырған бұл таңдаулы оқулықтардың кәусарымен сусындайтын бүгінгі студент ертеңгі мамандардың бәсекеге қабілетті, озық ойлы ізбасарлар тәрбиелейтіні анық.
Лаззат САТЫБАЛДИЕВА
Арал ауданы, №57 Е.Көшербаев атындағы
орта мектебінің директоры