ӘМИЯНЫҢ ТЕҢГЕГЕ ТОЛЫ БОЛСЫН!
Ежелгі Бабыл қаласының халқы өте бай тұрған деседі. Алайда, қала басшысы Сарғом патша Эламмен арадағы соғыстан кейін ел қатты кедейленіп, халық тарыға бастайды. Халықты байытудың жолын іздеген патша қаладағы ең бай адам Арқатты шақырып алып, кеңес сұраған екен. Арқат байығысы келген адамдарға төмендегідей кеңес айтыпты:
1.Әмиян толтыруды баста. Әмиянға түсетін әрбір он теңгенің тоғызын ғана қажеттеріңе жұмсаңдар. Кімнің әмияны қаңырап тұрса, оған байлық жоламайды.
2.Шығынды қадағала. Барлық қажетті шығынды ойластырыңдар. Әмиянды толтыруға тиіс оннан бір бөлік табысқа қол тигізбеңдер. Ол сендердің орындалуға тиісті ең басты тілектерің болсын. Ал шығын кестесі әмиян қампайтға қажетті ең бірінші көмекші болуы керек.
3.Жинақ ақшаңды көбеюге итермеле. Әмиянда жатқан ақша сендердің жандарыңды жадыратып, көңіл тоғайтқанымен, ешбір табыс әкелмейді. Жиналған қаржы – бар болғаны алғашқы қадам ғана. Ол табыс әкеле бастағанда ғана есіктен байлық сығалайды.
4.Жинақты жойылудан сақта. Қаржы салудың бірінші, әрі басты ұстанымы – негізгі дәулеттің сақталуын қамту. Басты жинағың жойылса, ол істен пайда іздеудің мәні жоқ. Сондықтан негізгі қорыңмен қоштаспа, іске одан түскен пайданы жұмса.
5.Жинақы тұрғынжайға сал. Егер адам табысының тоғызыншы бөлігін жинай берсе және оның белгілі бір бөлігі зиянсыз пайдалы іске салынып, игілікке айналса, онда соғұрлым байлық тезірек пайда болады. Жеке баспанасы бар адамның шығыны азайып, жеке бас қажеттіліктеріне молырақ қаржы жұмсайтын болады.
6.Келешекке жетер табысты қамты. Ақша жинаған адам ылғи да келешек туралы ойлауы керек. Алдағы жылдарға жететіндей кейбір салымды дер кезінде жоспарлаған абзал. Мысалы, артығымен үй мен жер бөліктерін сатып алуға болады. Егер олар дұрыс таңдалып, болашақта өз құнын сақтай алса, онда одан түсетін табыс келешекке қомақты өсім бола алады.
7.Табыс табу мүмкіндігін кеңейте түс. Ол үшін алдымен адамда табыс табуға деген аса күшті де айқын тілек болуы қажет. Айқындалмаған тілек –ол бар болғаны арман ғана. Баюға ұмтылатын адам үшін оның пайдасы жоқ. Тілек қарапайым да анық болуы керек.
«Кызылорда-Ньюс»