БІЛІМ КӨШІНЕ БАСТАР ЖОЛ
Елбасы жолдаған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламасымен танысқан әрбір қазақстандық өз тарапынан оң көзқарас танытып, қазіргі кезде жекелеген әрбір мекеме ауқымында көптеген іс – шаралар жүргізіліп жатқаны көпке мәлім. Осы бағытта етек алған, өрісі кең бағдарламаның «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы қолға алынып, елбасына жоғары дәрежеде талдау жұмысы жүргізілді. Әрине бұл бағдарламаның болашағы зор, келешегі кемел екенін зор мақтанышпен айта аламыз.
Елбасы бұндай кешендік бағдарламаның әлемдік деңгейде сирек іске асырылатындығын атап айтты. Жаңа аударылымдағы оқулықтар электронды, кітап және онлайн түріндігі үш форматта таратылымда болады. Кітап қарпі латын тілінде теріліп, шетелде білім алып жатырған студенттер үшін қолдануға тиімді жолдарымен қарастырылып жасалуда. Әрине бұл бастама елбасы атап айтқандай қазақстан жерінде аударма ісінің жаңа мәдениетінің қалыптасуына негіз болмақ.
Рухани жаңғыру аясындағы «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық. Жаңа гуманитарлық білім» жобасындағы оқулықтардың алғашқы легі шығарылымға ұсынылып, осы кітаптармен болашақ мамандар даярлай бастайды. Гуманитарлық ғылымның аталған кітаптары әлемнің үздік университеттерінің білім беру бағдарламасына кіретіндігін атап өткен жөн. Бұл кітаптардың қазақ тіліне аударылуы тілдік кедергілерді жояды.
Оқулықтар философия, әлеуметтану, психология, тіл білімі, экономика, менеджмент, дінтану, антропология, журналистика бағыттары бойынша аударылған.Ендігі уақытта ағылшын тілін білмейтін қазақ тілді жастарға әлемдік ғылымның ой-өрісіндегі ең жоғары жетістіктер ашылып отыр. Әлемдік ғылым жоғары жеделдікпен қарқынды дамуда. Сондықтан мұндай кітаптарды жүйелі түрде аударып отыру қажет.
Енді осы игі бастамаға бүкіл ел болып қолдау жасап, ары қарай дамыта беруіміз керек. Рухани жаңғыру – бүкілхалықтық іс, оған әркім сырттан сынап, қол қусырып отырмай, одан әрі қарқынды қолдау алуына үлесімізді қосуымыз қажет.
Күлайша Сүлейменова
Арал қаласы, №220 мектеп директоры