ЖҰМЫССЫЗ ЖАСТАР АРАСЫНДА ЖАРЫС ӨТТІ
Қызылорда облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы, облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-сі жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған жастар арасында шағын футболдан турнир өткізді.
Турнирге қаладағы сауда орындарында, базарларда өзін-өзі жұмыспен қамтыған жастар және жұмыссыз жастардан құралған 17 команда қатысты.Шараның мақсаты – жұмыссыз жастар арасындағы ахуалдан хабардар болу, мемлекеттік бағдарламалар бойынша кеңес беру және жұмыссыз жастарды қоғамдық жұмысқа тартып, ортаға қосу болып табылады.
Турнир аясында қатысушы жастар мемлекеттік бағдарламалар бойынша сала мамандары кеңес берді. «Тұрғын үй Құрылыс Жинақ Банкі», «Жас құрылысшылар» еңбек жасағы, «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының мамандары қатысып, кеңес беріп, ақпараттық жадынамалар таратылды.
Жұмыссыз жастарға мемлекеттік бағдарламалардың мүмкіндігін насихаттау, олардың жұмыспен қамтылуына ықпал ету, сондай-ақ, белсенді жастардың ортасында болуына ықпал ету мақсатындағы мұндай шаралар жүйелі ұйымдастырыла бермек.
Сайыс нәтижесінде І-орынды «Достар», ІІ-орынды «Медина», ІІІ-орынды «Шіркелі» командасы иеленді.