ҚАЗАҚСТАНДА КЕЛЕСІ ЖЫЛЫ ЖАНАР-МАЙ БАҒАСЫ ТҮСУІ МҮМКІН
Келесі жылы Қазақстанда Аи-92 маркалы жанар-май және дизель отыны арзандауы мүмкін. Бұл туралы Faсebook парақшасында депутат Мұхтар Тінікеев хабарлады.
«Министр В.С.Школьниктің «Бензин акциздерінің ставкалары туралы» ақпаратын тыңдадық. Экономикада туындаған жағдайларға жедел әрекет ету мақсатында бензин, дизельді отын акциздерінің ставкасын (авиациялық отыннан бөлек) ҚР Үкіметінде бекіту ұсынылып отыр. Осының арқасында 1 қаңтардан бастап 92 маркалы бензин бағасын 128 теңгеден 115 теңгеге, дизельді отын бағасын 115 теңгеден 107 теңгеге арзандатуға мүмкіндік туады», - деп жазды депутат Мұхтар Тінікеев Facebook әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында.